БЕРДІБЕКОВ СҰЛТАНБЕК

БЕРДІБЕКОВ СҰЛТАНБЕК

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Бердібеков Сұлтанбек Кенжебекұлы 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы XXI Партсъезд атындағы кеңшарда шаруа отбасында дүниеге келген. Ленин атындағы орта мектепті аяқтаған соң, 1959 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті мамандығы бойынша 1964 жылы бітіреді. 1964-1966 жылдары Шымкент қаласы, Жамбыл атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1966-1969 жылдары ШПИ КПСС тарихы кафедрасында ассистент болып қызмет істейді. 1969 жылы Пермь мемлекеттік университетінің КПСС тарихы кафедрасына аспирант болып қабылданады.

1971 жылы диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1971-1973 жылдары Шымкент педагогикалық институтының КПСС тарихы кафедрасында аға оқытушы болып істейді.

1973 жылы Қазақ ССР Жоғары оқу министрлігінің жолдамасымен Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалына маркисизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі етіп жіберіледі.

1976-1984 жылдары Шымкент педагогикалық институтының КПСС тарихы кафедрасында доцент, 1984-1986 жылдары Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтында доцент болып жұмыс істейді.

1987-1993 жылдары әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында доцент болып қызмет істеді. Қазіргі таңда облысымыздағы жоғары оқу орындарында доцент қызметін атқаруда.