ЕРАЛИН ҚУАНДЫҚ

ЕРАЛИН ҚУАНДЫҚ

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

 Ералин Қуандық Ералыұлы 1950 жылы  Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тельман ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Ырғыздағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. 1969 жылы Шымкент педагогика институтына оқуға түсіп,  1973 жылы бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бітірген. 1973-1974 жылдары әскер қатарында болған. 1981-1982 жылдары В.И.Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогика институтының бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедрасында машықтану ісінен өткен.  1985 жылы  В.И.Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогика институтының аспирантурасын, 1992 жылы Москва мемлекеттік педагогика университетінің докторантурасын 13.00.02 бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бітірген.

1985 жылы  В.И.Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогика институтында 13.00.02 «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістікті елестетулерін қалыптастыру» деген тақырыпта  бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1993 жылы 14 қаңтарда  «Болашақ бейнелеу өнері мен көркем еңбек мұғалімдерінің көркемдік-практикалық даярлығы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын 13.00.02 бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша Москва мемлекеттік педагогика университетінде қорғаған.

Қ.Ералин 1975-1996 жылдар аралығында Шымкент педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, көркемсурет факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 1996-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі, мәдениет және өнер факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2004 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде дизайн және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Қ.Ералин ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, ЖОО үздік оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы медалдің иегері, ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі. Бүгінгі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің дизайн және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі.