БЕЙСЕКОВ   ЖАСҰЗАҚ

БЕЙСЕКОВ   ЖАСҰЗАҚ

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 Бейсеков Жасұзақ Бейсекұлы 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,  Мақтарал ауданында  дүниеге келген.

1964 жылы Шымкент педагогикалық институтын математика пәнінің оқытушысы  мамандығы бойынша  бітірген.

1964-2005 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының математикалық анализ және  жоғары математика кафедраларында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды.

1982 жылы В.И.Ленин атындағы Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық институтының  мамандандырылған кеңесінде «Математиканы мектепте оқытудың әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1986 жылы  КСРО ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

70-тен астам ғылыми-зерттеу еңбектердің, мақалалардың, 10 оқу-әдістемелік құралдың   авторы.