ҚҰДАЙҚҰЛОВ МӘУЛЕН

ҚҰДАЙҚҰЛОВ МӘУЛЕН

педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 Құдайқұлов Мәулен 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Талап кеңшарында дүниеге келген. Бастауыш мектепті Талап кеңшарында, жеті жылдық мектепті Балықшы ауылында оқыды. 1948 жылы Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті  бітірген.

Еңбек жолын 1950 жылы Алғабас ауданында мұғалім болып бастаған. 1952-1954 жылдар аралығында Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер институтында, 1954-1960 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқып, физика, математика және сызу мамандығы бойынша біліктілік алған.

1954-1968 жылдары Шымкент педагогикалық институтында аға лаборант, кафедра доценті қызметін атқарды. 1968 жылдан осы уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарып келеді.

1966 жылы «Некоторые вопросы кинофикации учебного процесса в школах  Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

М.Құдайқұлов 40 жылдан астам уақыт физиканы оқыту әдістемесі проблемаларын зерттеумен айналысып келе жатқан белгілі физик-әдіскер. Оның 30-ға жуық ғылыми-әдістемелік кітаптары мен оқу құралдары басылып, 350-ден астам мақалалары жарық көрген. 50-ден астам  ғылым кандидаттары мен докторларын дайындаған, ұлағатты ұстаз, ізденімпаз ғалым.