БАБАЕВ ИБРАИМ

БАБАЕВ ИБРАИМ

Астана қаласы Нотариаттық палатасы «Жеке нотариаттық мұрағат» филиалының директоры, Астана қалалық Жастар мәслихатының депутаты Тарих-география мамандығының 2006 жылғы түлегі.

Бабаев Ибраим Әлімханұлы 1985 жылдың 8 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Үйленген. Бүгінгі таңда 2 қыз 1 ұлдың әкесі.

2002 жылы Мақтаарал ауданындағы № 67 Иса Байзақов атындағы орта мектепті бітіріп, осы жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне тарих және география мамандығына оқуға түсіп 2006 жылы бітірді. 01.12.2006 – 22.08.2012 жылдар аралығында Астана қаласы, Есілдің сол жағалауында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатында жоғары деңгейдегі білікті маман, мұрағат қоймасының меңгерушісі, сараптау-тексеру комиссиясының сарапшысы және бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

10.09.2012 – 11.02.2013 жылдар аралығында «Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінде жоғары деңгейдегі білікті маман лауазымында қызмет атқарды.

11.02.2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Нотариаттық палатасы «Жеке нотариаттық мұрағат» филиалының директоры лауазымында қызмет атқарады.

2011-2012 жылдар аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы «Avrasya Kutuphaneciler Birligi» қауымдастығының мүшесі.

Еңбек жолында төмендегідей ғылыми мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған.

  • Ұлт мұрасы – ұрпаққа аманат. «Ұран» газеті, № 28(831), 06.06.2007 ж.;

  • Ұлттық мұрағат мұрасы молайса. «Ел» газеті, № 24(100), 14.06.2007 ж.;

  • Қайтпас қайсар хандардай өтіп туған Елбасы! «Арқа ажары» газеті,10.07. 2007 жыл;

  • Мұрағат қоры молықты. «Астана хабары» газеті, №123(2069), 23.07.2007 жыл;

  • Бірлік пен елдіктің куәсі. «Астана хабары» газеті, № 134(2080), 09.08.2007 жыл.

  • Ордабасы – бірлік пен елдіктің куәсі. «Ел газеті», № 34 (110), 23.08.2007 жыл;

  • Мақта кластері кенже қалмасын. «Ел» газеті, № 35 (111), 30.08.2007 ж.;

  • Құранды қазақшалаған қазақ. «Ел» газеті, № 40(116), 02.10.2007 ж.;

  • Ұлты мен ұлысының ұлы перзенті. «Арқа ажары» газеті, 03.11.2007 ж.;

  • Мәнді мұралар мекені. «Астана ақшамы» газеті, № 5(2471), 19.01.2010 жыл;

  • Жастар болашағымыздың негізі. «Қазақстан мұрағаттары» журналы,  № 1(13), 2010 жыл;

  • «Ауылым - алтын бесігім» Қайран, Қарақойын – Қашырлы елі... «Инфо-Цес» газеті, № 40 (1247), 08.10.2010 жыл;

  • Ұлты мен ұлысының ұлы перзенті жайлы. «Қазақ» газеті, № 52-53 (513-514), 24-31.12.2010 жыл;

  • Тұғыры биік тау тұлға. «Қазақ» газеті, № 33-34(547-548), 19-26.08.2011 жыл;

  • Күләштің жәдігерлері тұңғыш көрсетілуде (сұхбат). «Астана ақшамы» газеті, № 41(2802), 14.04.2012 жыл;

  • Ата жұрттан Анадолыға. «Төртінші билік» газеті, № 04(076), 30.01.2012 жыл;

  • Сан қырлы дарын иесі – Жүсіпбек. «Әлеумет тынысы» журналы, 2012 жыл.

  • Ел мұрасы – ұрпаққа аманат. «Төртінші билік» газеті, №20-21(141), 27.05.2013 жыл және «Құжатайналымы мәселелері» журналы, №7(43)7, шілде 2013 жыл;

  • Ақтаңдақтарға жан берген нотариаттық мұрағат халық үшін жұмыс істейді. «Қазақстан ZAMAN» газеті, № 31 (952), 8 тамыз 2013 жыл және «Қазақ үні» газеті, № 51-52(609), 28.12.2013 жыл

  • Оформление документов частных нотариусов для передачи в нотариальный архив. Ежемесячный специализированный журнал «Вопросы документооборота» № 6 (54) 6, июнь 2014 год.