Тарихы

Педагогика-гуманитарлық факультетінің тарихы

Факультет 5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300-Педагогика және психология,   5В010500-Дефектология, 5В011400-Тарих,  5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В013000-Тарих-дінтану мамандықтары бойынша  білім бакалаврларын, 6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6М010500-Дефектология, 6М011400-Тарих мамандықтары бойынша магистрлер, 6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6D011400-Тарих мамандықтары бойынша PhD дайындайды.  Педагогика-гуманитарлық факультетінде бес  кафедра бар:    1) «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы; 2) «Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология» кафедрасы; 3) «Педагогика»; 4) «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер»; 5) «Психология»   кафедрасы.

Факультет тарихы 1937 жылы құрылған университет тарихынан бастау алады. Әр жылдардағы құрылымдық өзгерістерге байланысты факультет атауы  «Тарих-филология», «Тарих», «Тарих және заң»,  «Тарих және педагогика», «Тарих және кәсіби білім», «Педагогика және психология», «Бастауыш білім»,  «Бастауыш білім және педагогика»  деп аталған. «Тарих» факультетін   ғалым Р.Барлыбаев, т.ғ.к., доцент Ә.И.Ибраев, т.ғ.к., доцент Қ.Ізтілеуов, т.ғ.д., доцент С.Жолдасов,  т.ғ.к., доцент С.Әбубәкіров, университет  тарихында әйелдер арасынан шыққан  тұңғыш декан т.ғ.к., доцент Б.Исабек атқарды. Ал  тарихы 1960 жылдан  басталатын «Бастауышта оқыту әдістемесі»  кафедрасы «Тарих-филология» факультетінінің құрамында болды. 1974-1975 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультеті болып қайта ашылған. Факультет деканы қызметін  т.ғ.к., доцент В.И.Белоглазов, ф.ғ.д., профессор К.Сыздықов,  ф.ғ.к., доцент  О.Жұмашев, п.ғ.к, доцент Б.Н.Беглов, п.ғ.д., профессор Л.Сманов, п.ғ.к., доцент Ш.Арзымбетова, п.ғ.д. Р.І.Кадірбаева атқарды.

Оқу орнының  ғылыми кеңес шешімімен 2015-2016 оқу жылында «Бастауыш білім» факультеті құрылып, факультетті ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева басқарды, ал 2016-2017 оқу жылында факультет аты  «Бастауыш білім және педагогика»  болып өзгертілді.

Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімімен  (№1 хаттама, 31.08.2017ж.)  Педагогика-гуманитарлық факультеті  болып өзгертілді. Қазіргі уақытта факультет деканы  қызметін ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева атқаруда.

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының  тарихы университет тарихымен бірге жасалып келеді. «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы 5В011400-Тарих және 5В01300-Тарих-Дінтану мамандығы бойынша білім бакалаврларын дайындайды. 2017 жылдан бастап ҚР БжҒМ тарапынан 6М011400-Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрларын және 6D011400-Тарих мамандығы бойынша  PhD дайындауға лицензия берілді.

         «КСРО тарихы» кафедрасы 1992 жылы  «Қазақстан тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін 1996-1998 жж. т.ғ.к., доцент С.С.Әбубәкіров, 1998-1999 жж. т.ғ.к. Д.М.Бекманова, 1999-2001 жж. т.ғ.к. Б.Алтаев, 2001-2002 жж. т.ғ.д. С. Жолдасов, 2002-2003 жж. Б.Қ. Исабек, 2003-2004 жж. С.С. Әбубәкіров, 2004-2006 жж. т.ғ.к. Ж.Е. Мулдахметова, 2006-2007 жж. т.ғ.к., доцент Ғ.Қ.Маймақов, 2007-2009 жж. Ғ.А.Марина, 2009-2013 жж. Д.А.Күмісбекова атқарды.

Ал «Жалпы тарих» кафедрасын 1965 жылдан 1974 жылға дейін доцент А.Алдабергенов, 1974-1986 жж. - доцент Қ.Сәдуақасова, 1986-1991 жж. – доцент Р.Бекназаров, 1991-1995 жж. доцент С.Жолдасов, 1995-1998 жж. – доцент М.Ауанасов, 1998-2002 жж. – доцент Қ.Ізтілеуов, 2002-2010 жж. – доцент Г.Д.Сүгірбаева басқарды. Бұл жылдары кафедрада білікті мамандар А.Әуелбаев, Б.Айдосов, Л.Дрейзес, М.Ермеков, А.Ибраев, И.И.Вахтель және т.б. жұмыс істеді.

       2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстан және әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедралары қосылды. 2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы педагогика-гуманитарлық факультетінің құрамына енді.

 «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасын қазіргі уақытта  философия ғылымдарының кандидаты, доцент Г.М. Сыздықова басқарады.

Факультетте дайындалатын 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагог-мамандар 1960 жылдардан бастап дайындалады. Университет тарихында болған әр жылдардағы құрылымдық өзгерістерге байланысты мамандық дайындайтын кафедра «Тарих және педагогика», «Педагогика және психология» факультеттерінің құрамында болған.

«Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасы 1960 жылы негізін қалаған. Кафедраның меңгерушісі болып Қазақстанның белгілі ғалымы А.Бектенов тағайындалған болатын, содан соң кафедраны ғалым-ұстаздар  ф.ғ.к., доцент Е.Ағманов,  ф.ғ.д., профессор К.Сыздықов, ф.ғ.к., доцент  О.Жұмашев, У.Жарқынбеков, п.ғ.к., доцент Е.Байдыбековалар басқарды. 2012-2013 жылдары «Бастауыш оқыту методикасы» кафедрасы қайта құрылып, оны п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова басқарды,  2014-2015 оқу жылында  кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент Ж.Арзымбетова, ф.ғ.к. А.Мамыт, ф.ғ.к., аға оқытушы Э.Б.Оразбаева, 2015-2016 оқу жылында п.ғ.к. А.Б.Ибашовалар басқарды. Қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Таутаева басқарып отыр.

«Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология»  кафедрасы 2015 жылғы 5 мамырдағы  Ғылыми Кеңестің кезектен тыс мәжіліс шешімімен, ОҚМПИ ректорының №4-329 бұйрығының негізінде жеке кафедра болып құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Ж.А.Масалиева басқарады.

«Педагогика» кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде  Шымкент педагогикалық институтының  құрамында 1937 жылы ашылған. Осы уақыт аралығында «Педагогика-психология» кафедрасын ғылым кандидаттары Б.Нурлыбеков, Ж.Махашев, Ж.Ысқақов, У.Жарқынбеков, К.Қаражігітова, И.С.Сманов, С.Тілеуова, А.Рысбековалар басқарған.  2015-2016 оқу жылынан бастап п.ғ.к., доцент  Ш.Ж.Арзымбетова басқарады.                                      2018 жылғы 03 қыркүйектегі №1 Ғылыми кеңес шешімімен  «Педагогика-психология» кафедрасы  екіге бөлінуіне байланысты «Педагогика» кафедрасы болып аталатын болды.

Факультет құрамындағы «Психология» кафедрасы 2018 жылғы 03 қыркүйектегі №1 Ғылыми кеңес шешімімен Педагогика кафедрасынан бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі м.а. қызметін атқаруға п.ғ.к. М.Е.Сыдыков тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к. А.З.Әліпбек басқарады.

Факультет студенттеріне  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері п.ғ.д., профессор  Л.Сманов,  п.ғ.к., доцент К.Н.Қаражігітова,  п.ғ.к., доцент  Ш.Ж.Арзымбетова, аға оқытушы Ж.Б.Балажанова,  ҚР «Білім беру ісінің ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегерлері п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова, т.ғ.к., доцент  С.С.Әбубәкіров,  аға оқытушы Ғ.А.Марина, «Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері ф.ғ.к., доцент Ж.А.Масалиева, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегерлері  т.ғ.к., доцент Б.Қ.Исабек, т.ғ.к. А.Б.Есимова,  ф.ғ.к., доцент  Ю.И.Шпилькин, т.ғ.к., доцент Г.Д.Сүгірбаева,  ф.ғ.к. К.Н.Даркулова және  т.б.  оқытушы-профессорлар білім беруде.

Факультетте 8 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты, 20 аға оқытушы, 31 магистр,   3 PhD  жұмыс істейді. 

Қазіргі таңда факультетке қарасты кафедралардың білім қызметі құрылымы Мемелкеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  мазмұны, мемлекеттік қызмет бақылау талаптары, әлеуметтік мемлекеттік саясат қағидаларына сай материалды-техникалық базаның дамыған жағдайында жүзеге асырылып отыр. Арнаулы кабинеттер мен дәрісханалар заманауи жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жабдықталған. Факультетте дайындалатын мамандықтар бойынша  білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, білім саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне және сапалы кәсіптік білім алуына, мәдени танымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Университеттің миссиясы – нәтижеге бағытталған білім беру негізінде қоғам мен мемлекеттік мүдде қажеттілігіне сай білікті кәсіби педагогтарды дайындау болғандықтан  «5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту», «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «5В010300-Педагогика және психология»,   «5В010500-Дефектология», 5В011400-Тарих, «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 5В01300-Тарих-Дінтану мамандықтарының білім беру бағдарламалары академиялық топтардың мамандыққа қатысты өзгешеліктерін негізге ала отырып, университет миссиясына, бағдарламаның әлеуетті тұтынушыларының сұраныстарына сәйкес құрылған.

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:

        -мектепке дейінгі ұйымның түрлі типтері мен түрлері;

        - шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп-балабақша;

       - педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдіру институты болып табылады.

5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

            - жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысында;

- педагогикалық колледждер, білімді басқару департаментінде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде.

5В010300-Педагогика және психология  мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары:

         -мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі;

        -арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері (лицейлер);

        - орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер).

5В010500-Дефектология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы – арнайы мектекпке дейінгі мекемелер мен арнайы мектептердегі (зиятында, естуінде, көруінде, тірек-қимыл-қозғалысында, психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған) түзету, оқыту тәрбиелеу процесі болып табылады.

5В011400-Тарих  мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет  беру саласы:

- негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалавры мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

         -әлеуметтік-педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған тиімді жағдайлар құруға көмектесу;

         - оқу-тәрбиелік – балалардың жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті басқару;

        - ұйымдастырушылық – әдістемелік орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халықты заң шығарушы және басқа да құқықтық актілермен таныстыруды ұйымдастыру.

            5В013000-Тарих-дінтану мамандығы бойынша кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:

            - Орта мектептерде, мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары.