ДЕРБІСӘЛІ  ӘБСАТТАР ҚАЖЫ

ДЕРБІСӘЛІ  ӘБСАТТАР ҚАЖЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти, филология ғылымдарының докторы, профессор

Дербісәлі Әбсаттар қажы 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Ол қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти (2000), шығыстанушы ғалым. 1977 филология ғылымдарының кандидаты,  1988 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

Ә.Дербісәлі 1970-1975 жылдары КСРО ҒА-ның  Шығыстану  институтында  ізденуші, аспирант болды. 1975-1976 жылдары Марокко, 1985-1986 жылдары Тунис университеттерінде араб тілі мен  әдебиеті бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1976-1986 жылдары Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Қаз ҰУ-де ассисент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра  меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1986-1988 жылдары КСРО ҒА Шығыстану институтының докторанты болды. 1989-1990 жылдары ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жылдары проректор, 1997-2000 жылдары Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған.

Ә.Дербісәлінің «Шыңырау бұлақтар» (зерттеулер мен мақалалар) (1981), «Араб әдебиеті». Классикалық дәуір (1982), «Арабоязычная литература Марокко» (1983),  «Мың бір түн» елінде» (1986), «Ежелгі араб жерінде» (1992),  «Литература Марокко»  (1993), «Қазақ даласының жұлдыздары» атты тарихи-филологиялық зерттеу (1995), «Мұхаммед Хайдар Дулати». Өмірбаяндық библиографиялық анықтамалық (1999)  және т.б. еңбектері бар.