Тұрсынқұл Өмірзақұлы

10.10.1948 ж.т., қазақ, Самарқанд обласы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Білімі, ғылыми жолы.

Жоғары - В.В. Куйбышев атындағы Самарқанд АШИ, 1972.

Аспирантура - Қазақ қаракөл ҒЗИ, 1972-1975.

Кандидаттық диссертация – «Біртипті ата-аналардан әртипті ұрпақ алынудың генетикалық себептерін талдау», Самарқанд, 1977.

Докторлық диссертация – «Нышандардың өзгергіштігі және қаракөл қойының селекциясы», Мәскеу, 1989.

Профессор - Мәскеу, 1991.

Мамандығы - 06.02.01. – А.ш.ж. селекциясы, генетикасы және көбейтілуі.

Ғылыми-практикалық стажировка - АҚШ (Миннесота университеті, 3 ай.); Қытай (Тарым университеті, 1 ай).

Біліктілікті жоғарылату – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. «Биология» мамандығы бойынша, 2013; Даллас университетінің профессоры (АҚШ)  С. Н. Радиуктің «Клеткалық және молекулалық биология» лекциялар курсынан өтілді, 2013.

Еңбек жолы.

Мектеп мұғалімі, 1965-1967.

Қазақ қаракөл ҒЗИ Жамбыл бөлімшесінің ғылыми қызметкері, 1972.

Қазақ қаракөл ҒЗИ аспиранты, 1972-1975.

Қазақ қаракөл ҒЗИ ғалым хатшысы, 1975-1977.

Қазақ қаракөл ҒЗИ генетика және селекция бөлімінің меңгерушісі, 1977-1992.

Қазақ қаракөл ҒЗИ және «Қаракөл» ҒӨБ бас директорының 1-орынбасары, 1992-1996.

А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Биология» кафедрасының профессоры, 1996-2009.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Биология» және  «Биотехнология» кафедраларының профессоры, 2009 - 2017.

ОҚМПУниверситетінің «Биология» кафедрасының профессоры, 2017- қ. у. дейін.

Жалпы мәліметтер.

ҚР генетиктер мен селекционерлер қоғамының мүшесі.

ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі.

Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 255, оның ішінде 3 монография, 9 өнертабыс (патент), 1 оқулық, 2 терминологиялық сөздік.

Негізгі сабақ беру пәндері – Генетика, Молекулалық биология, Биометрия.

Ғылыми кадрлар даярлау – 6 ғылым кандидаттары және 1 PhD докторы (2018 ж.).