Тәрбие жұмыстары

Іс- шара атауы

Ұйымдастырушы

Күні

Мамандығы

1

Информатика кафедрасы студенттері мен оқытушылары бірігіп, «Арыстанбаб», «Яссауи» кесенелеріне тарихи және мәдени орындарға тарихи-танымдық саяхаттар өткізілді.

Информатика кафедрасы студенттері мен оқытушылары

20.11.2018ж.

5В011100- Информатика

2

«Ұстаз мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Физика- математика факультетінің студенттері

05.10.2018ж

5В010900-Математика, 5В12600-Математика-Физика, 5В011000-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

3

«Рухани алаңында Тіл апталығына байланысты Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Тіл – атадан қалған асыл мұра» атты апталық өткізілді.

Физика- математика факультетінің студенттері

15-20.10.2018ж аралығында

5В010900-Математика, 5В12600-Математика-Физика, 5В011000-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

4

Физика- математика  факультетінің ұйымдастыруымен  талапкерлерге  арналған  ашық есік күні  өткізілді

Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттері

26.10.2018

5В010900-Математика, 5В12600-Математика-Физика, 5В011000-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

5

ОҚМПУ студенттік ректорат ұйымдастырған  факультет аралық  «Университет аруы-2018»  сайыста 126-18- тобының студенті Раис Сымбат  I- орын вице –мисс дипломымен марапатталды.

ОҚМПУ студенттік ректорат

29.10.2018ж

125-18 тобының студенті Раис Сымбат I- орын вице- мисс атағын алды.Дипломмен марапатталды.

6

ОҚМПУ студенттік ректорат ұйымдастырған  факультет аралық  «Университет аруы-2018»  сайыста  127-27а тобының студенті Парманова Азиза  «Қылықты қыз» атағын алып дипломмен марапатталды.                                                   

 

ОҚМПУ студенттік ректорат

29.10.2018 ж

127-27а тобының студенті Парманова Азиза «Қылықты қыз» атағын алды. Дипломмен марапатталды.

7

№3 жатақханада «Отбасы – тәрбие бастауы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Информатика кафедрасы студенттері мен оқытушылары

09.11.2018ж

5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

8

Математика кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақтың математикадағы тұңғыш ғалымы Ақбергенов Ибадулла Ақбергенұлы «Рухани жаңғыру» аясында атты дөңгелек үстел өткізілді.

Иманбаев Нурлан Сайрамовичтің және Математика кафедрасы студенттері мен оқытушылары

12.11.2018ж

5В010900-Математика

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауы  «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласы. Студенттермен  тәлімгерлік сағатта талқылаулар  өткізілді.

Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттері

21.11.2018ж

5В010900-Математика, 5В12600-Математика-Физика, 5В011000-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

9

Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттерінің ұйымдастыруымен  «Жүректен жүрекке» атты Төлеби аудандық №2 балалар үйіне қайырымдылық іс- шарасы өткізілді.

Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттері

16.02.2019ж

5В010900-Математика, 5В12600-Математика-Физика, 5В011000-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В011100-Информатика 5В012700-Математика-Информатика

10

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 “Жастар жылы” жариялауына және “STAR WEEK” студенттерге арналған жұлдызды он күндікке байланысты Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттерінің ұйымдастыруымен  «Жастар жылына арналған, мен жастарға сенемін» атты іс- шарасы өткізілді.

 

Физика- математика факультетінің оқытушылары  мен студенттері

20.02.2019ж.

5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В12600-Математика-Физика, 5В012800-Физика- Информатика, 5В012700-Математика-Информатика

11

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 “Жастар жылы” жариялауына және “STAR WEEK” студенттерге арналған жұлдызды он күндікке байланысты ОҚМПУ студенттері арасында “Факультет аралық жайдарман ойындары” өткізілді.  Біздің факультеттің Бүгіннен баста командасы жүлделі 3  орынға ие болды.

Физика- математика факультетінің   «Бүгіннен баста»  жайдарман командасы қатысты.

26.02.2019ж

 

12

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 “Жастар жылы” жариялауына және “STAR WEEK” студенттерге арналған жұлдызды он күндікке байланысты ОҚМПУ студенттері арасында Дене шынықтыру және спорт  факультетінің ұйымдастыруымен факультетаралық эстафетасы өткізілді. 

Физика- математика факультетінің  студенттері қатысты.

28.02.2019ж

 

13

1-Наурыз “Алғыс айту” күніне орай “Информатика “ кафедрасының 127-18, 111-16 оқу топтары мен топ тәлімгері  аға оқытушы Бәймішева Айымхан Жақсылыққызының ұйымдастыруымен  Төлеби аудандық №2 балалар үйіне қайырымдылық іс- шарасы өткізілді

Бәймішева Айымхан

127-18, 111-16 топ студенттері

1.03.2019ж

 

14

“Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту”  ашық  тәрбие сағаты

Физика- математика факультетінің Физика мамандығының оқытушылары  мен студенттері

04.03.2019ж

 

 

 

 

Тақырыбы: Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту

1-жүргізуші: 2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласын жариялады. Мақалада тарихқа деген дұрыс ұстаным. Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлт­­­тық тарихымызға терең үңіліп, оның күр­­­меулі түйінін шешуге мүмкіндік туа­­ды.

«Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту»-атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Хор: Мемлекеттік әнұран.

2-жүргізуші (Сұлухан): Елбасымыздың «ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлттық болмысымыз, салт дәстүріміз, ежелгі қалаларымыздың гүлденуі, металлургия сияқты өзекті мәселелер ой толғандырады. Мақаланы оқығанда кім-кімнің болмасын жүрегіне патриоттық сезім ұялағаны сөзсіз. Физика кафедрасының студенттері қала тұрғындарынан Қазақ халқының салт-дәстүрін ,тарихын,дінін,тілін еске алу мақсатында осы мақала жайында сауаланама жүргізді. Тамашалаңыздар.

Опрос.

Баяндама: Оразгул

 1-жүргізуші (Аян): Тарихи сананы жаңғыртуда әлеуеті зор шараның бірі – ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына арнайы бағыттар енгізу деп санаймыз.Өйткені, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бабаларымыздың асқақ рухы – Ұлы Дала жерінің баға жетпес байлығы, жастарға табысталатын аманат. Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлігі жоғары әрі жаһандану заманында өзіндік нақышын жоғалтпаған ұлтты қалыптастыру саясатындағы басым бағыттарының бірі – Ұлы Дала жеріндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, халқымыздың отаншылдық рухының келбетін аша отырып, аса бай рухани тарихы бар ел ретіндегі түсінікті азаматтардың санасына берік ұялату.

Ән. Ғазиза: «Қазағым менің».

2-жүргізуші (Сұлухан): Бұл мақалада айтылғандардың барлығы қазақ жастарының тарихқа үңіліп, кешегі өткенін мақтан тұтып, бүгінін бағалап, болашаққа нақты сеніммен қарауына, жетістікке жетеруіне себеп болары сөзсіз! Біз жастар өз еліміз, өз таримізбен мақтанамыз! Ғалымдардың өмір деректеріне тоқталайық.

1. Әсел: Әбу Насыр Әл-Фараби.

2. Ажар: Ибин Сина.

3. Ақдидар: Махмут Қашқаари.

4.  Әлішер: Қожа Ахмет Иассауи.

5. Жансая: Әл-Бируни.

6. Жанар: Ұлықбек.

7. Ардақ: Арыстан баб.

8. Шапағат: Жүсіп Баласағұн.

 1-жүргізуші (Аян): Елбасының «Ұлы даланы жеті қыры» мақаласы көптің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеруімен ерекшеленеді. Біздің жыл санауымызға дейін қалыптасқан Ұлы дала өркениетін әлемге паш ететін уақыт жетті. Ендігі таңда бүкіл әлем Қазақ даласына қарап бой түзеуі тиіс. Сол жолда ғылымның барлық саласында атқарылатын шаруалар жеткілікті. Бұл мақала «Мәдени мұра» бағдарламасы тәрізді мемлекеттік бағдарлама ретінде жүзеге асуы керек. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қаншама жоғымыз түгенделді. Ендігі кезекте жиған мұраларымызды ғылыми айналымға түсіру, насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс.
күй: Еркежан: Балбырауын.  

2-жүргізуші (Сұлухан): Үлкен мақсатты көздеген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық сананы селт еткізер, серпіліс берер мағынаға толы. «Мен» деген елінің патриотын рухтандыратын жалын береді. Ұлттық танымның болашақ дамуы мен нық қалыптасуын көздеген мағлұматтарға бай мақаладан еліміз табиғи ғана емес, тарихи бай, мол мұраға ие екендігі де тайға таңба басқандай ұсынылып отыр. Демек, сол мұраға ие болар – болашақ алаш ұрпақтары екендігін өскелең ұрпақ санасына сіңіріп өсер деген үміттеміз.

Көрініс: Әбу-насыр әл-Фараби. Ардақ: «Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «Даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен: «Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым» деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбунасыр Әл-Фараби екен.

Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» аталатын кітабын оқып жүреді.  Сонда бір жолдасы былай деп сұрайды:

Жолдасы (Азамат): Бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?

Әбунасыр (Әлішер): Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Сөйтсе де тағы оқып шығуым керек. Өйткені әлі толық ұғынып болған жоқпын – деп ауап береді.

Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Мағынасын толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

1-жүргізуші (Аян): Елбасы бұл мақаласында «уақыт кеңістік концептілеріне аса назар аударған. Кез келген нәрсе белгілі уақыт шегінде орын алады. Кешегі өткен оқиға бүгін тарих. Мақалада ежелден сақталып келе жатқан жәдігерлер ұрпақтан ұрпаққа мұра екені, ежелгі кезде металды қалай өңдегені, аңшылықпен айналысу, атқа міну, дала фольклоры, музыкасы, ұлы жібек жолы, түркі әлемі, ұлы көсемдер туралы келелі пікірлер айтылған.
ән. Ғазиза: «Туған жер»

2-жүргізуші (Сұлухан): Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдаймыз. Елбасымыздың мақаласы өсіп келе жатқан ұрпаққа жарқын болашақ, себебі біз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы, біз өзіміздің бұрын соңды естімеген, білмеген салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді және тарихымызды біле аламыз!

Көрініс: Қожа Ахмет Иассауи.

1-жүргізуші (Аян): Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Рухани жаңғыру мақаласының жалғасы іспеттес. Еліміз рухани, мәдени, саяси өмірінде алға қарай жылжуға нақты бағдарын көрсеткен бұл мақала өзінің тың ойларымен құнды. Бұл жолдауды оқыған әрбір Қазақстан азаматы болашақта жаңа ізденістерге қызуғышылық артары анық. Бұл мақала болашаққа нық қадам басып, еліміздің дамуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз!
         би. «Қазағым менің».

2-жүргізуші (Сұлухан): Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз қазақ халқының қазақ елі болып қалыптасқанға дейінгі тарихына шолып өттік. Біздің xалқымыз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагері. Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты. Міне, осы маңызды болып табылатын идеологиялық мәселе. Біз өзіміз үшін айқындап алумен қатар бар әлемге xабар бердік.

Осымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арқау болған «Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Хор «Елім менің».

 

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне орай «Әлемдік ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты 111-15 тобы мен топ тәлімгері К.Құлжатаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Видеороликтер мен презентациялар көрсетіліп, баяндамалар оқылды. Әндер айтылып, өлеңдер оқылды.

 

"Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам" атты тақырыпта №3 жатақханада тәлімгерлік сағаты өткізілді. ОҚМПИ  жастар саясаты  бөлімінің меңгерушісі Атығаев Ырысалды және медбике қатысты. АНТ  жетекшісі-Ә. Тұрашбеков келіп баяндама жасады.     

Ә.Тұрашбеков: Мемлекет–діни еркіндікті бергенімен, халықтың тек дүниедегі қажеттілігін өтеуге күш жұмсайды. Қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негіздер реттелген, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шағарылмайтын мемлекеттің сипаты. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан аззат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады. Сол сияқты зайырлы елде барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. «Зайырлы» сөзі араб тілінде «захири» (зайырлы) яғни «ашық, сыртқы» деген мағыналарда қолданылады.

Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, атсалысып отырды.

Жатақханадағы кезекшілік. Қараша айына қойылған кезекшілік кестесі бойынша кафедра оқытушылары №3 студенттер үйінде кешкі 19.00 ден бастап 23.00ге дейін өз кезекшіліктерін атқарды. Әрбір кезекші оқытушы жатақхана тазалығы мен тыныштығын бақылады. Студенттердің жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесті. Сабаққа қатысты сұрақтарымен жауап алмасты. Әр түрлі тақырыпта лекциялар оқылды. А.Ж.Бәймішева "Мен  және менің ортам" атты тақырыпта психологиялық тренинг  өткізді. Студенттер белсене қатысып, өз ойларын ашық айтты. Тренингтің қызықты өткенін және де осындай тренингтердің өткізіліп отыруын сұранды.

03.12.2015ж  Физика-математика факультетінің студенттері күз айының аяқталуына орай «Күзгі бал» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Байғұтова концерттік бағдарламаны ашып, сәттілік тіледі. Бұл іс-шара сайыс ретінде өтті. Сайыс соңында күз ханзадасы мен күз ханшайымын анықтадық. Аталған іс-шарада сан түрлі әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Бұл іс-шара белсенді студенттердің қатарын көбейтуге көп септігін тигізді. Іс-шараға информатика кафедрасының 111-15 тобының студенттері қатыстырылды.

I курс студенттерiне арналған  “Тұсау кесер” мерекесi факультет атынан ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ретінде өте қызықты өткізілді. Тәрбие істер жөніндегі проректор А.Байғұтова және факультет деканы М.Ж.Жумабаев алғашқы сөз алып студенттерді құттықтап тілектерін білдірді.   Арнайы концерттік бағдарлама өткізіліп, кафедра меңгерушілерімен студенттерге студенттік билет пен сынақ кітапшалары тапсырылды.