Магистратура

Алғабек Әсел

Саламатсыздарма! Магистратураға тапсыру үшін қандай құжаттар тапсыру керек? Ағылшын тіліндегі емтиханда бізде Ilis- тан сертификатымыз болса тест тапсыруымызға сол жеткілікті ме? әлде тест болады ма? Ағылшын тілінен емтиханан өту балы неше? Спец пәнімізден болатын сұрақтар жылда өгереді ме?  Информатика мамандығынан біз магистратураға түсу үшін қандай тақырыптарға дайындалуымыз керек?

Магистратурада практика шет елде ме, әлде өзіміздің Қазақстанда өтеміз бе?

Жауап: 

Магистратураға қабылдану үшін кешенді тестілеуден өтуі шарт.

Ø Магистратураға түсу үшін құжаттар тізімі (өзгерістер болуы мүмкін)

1) жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы диплом қосымшасымен;

2) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда)- TOEFL, IELTS және т.б.

3) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

4) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі 6 фотосурет;

5) 086-У медициналық анықтама (флюрография кескіні міндетті түрде болуы керек);

6) жеке куәлігінің көшірмесі – 3 дана;

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады;

8) мақсатты даярлау тапсырысымен магистратураға түсуші тұлға оны бағыттаушы ұйымның атынан ұсынымхат әкеледі;

9) мекенжай анықтамасы (ХҚКО);

10) квитанция (Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен сомасы бойынша);

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Ø Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураға кешенді тестілеудің шет тілі бойынша тестінен босатылады:

- International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);

Ø Кешенді тестілеу бойынша жалпы 150 балдың кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Ø Мамандық бойынша тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығынан жіберіледі.

Ø Информатика мамандығына магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуде мамандық бойынша тапсырылатын пәндер тізбесі:

1 бейінді пән – Бағдарламалау

2 бейінді пән – Информатиканы оқыту әдістемесі

Ø Магистраттардың практикалары Қазақстанның ЖОО-да өткізіледі.