Ғылыми жұмыстар

Ғылыми-шығармашылық жұмыстар

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары перспективті және жылдық жоба негізінде жүргізіледі. Кафедра оқытушылары үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі тақырыптар бойынша жүргізіледі:

  • 1. Ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталар жасау арқылы болашақ информатик мұғалімдердің кәсіби   құзіреттіліктерін қалыптастыру.
  • Жетекші:  п.ғ.д. доцент Қадірбаева Р.И.
  • 2. «Тоқыма жіптерінің қалыптасу және олардың  қатты дене бетімен сырғу процесінің  математикалық моделденуі» 
  •  Жетекші: ф-м.ғ.к. доцент Бараев А.
  • 3. «Формирование и развитие ИКС АПК РК»
  • Жетекші: э.ғ.к. доцент  Сарсенбиева Н.Ф. 

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы біліктілікті арттыру мақсатында ҚР және шет елдерде арнайы курстарға қатысты:

  • - кафедраның магистр оқытушысы Мырзаханов Ж.Ш. 29.06.14-10.07.2014ж. аралығында Германия қаласындағы Дюссельдорф университетінде «Инновационные методы и технологии обучения в университетах Германии» тақырыбындағы біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.
  • - кафедра оқытушылары т.ғ.к. Мырзахметова Б.Ш., э.ғ.к. доцент Сарсенбиева Н.Ф., п.ғ.к. Нұрмуханбетова Г.К. 18.11.15-27.11.15 аралығында Порту қаласындағы жоғары техникалық университет базасында «Университетте оқытудың инновациясы  және жоғары білім беру әдістемесі» тақырыбындағы біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.

   

  • - кафедраның аға оқытушысы Лесбаев А.Ө. 8.11.15-18.11.15 аралығында Испанияның Валенсия қаласындағы политехникалық университетінде біліктілігі арттыру курсынан өтті.
  • - кафедра оқытушылары Адылбекова Э.Т., Құрманбаева Ж.И., Құлжатаева К.М., Бәймішева А.Ж., Алимкулова Г.Т. біліктілігін арттыру курсынан өтті ("Өрлеу" АҚ, Алматы қаласы –2014 ж.-2015ж. аралығында).

Кафедрада  2014 жылы  6-7 ақпанда  Бектаев оқулары – 1: Ақпараттандыру – қоғам  дамуының  болашағы» атты халықаралық   ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өткізілді. Конференцияға  түскен   жалпы  баяндамалар  саны  300 –ге  дейін жетті. Биылғы 2015-2016 оқу  жылының  ақпан  айында  да  осы конференцияны өткізу  жоспарлануда.   

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы студенттердің ғылыми‑зерттеу жұмысын ұйымдастырады. Кафедрада студенттермен жүргізілетін  ғылыми‑зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді және студенттерді ғылыми жұмыспен айналысуға тарту жақсы жолға қойылған. Жыл сайын кафедрада ғылыми студенттік конференциялар өтіп тұрады. Конференция жұмысының  нәтижесі бойынша Республикалық конкурсқа жіберіледі.

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, кәсіби дағдының, ғылыммен ұштастырылуына танымдық, ізденушілік қасиеттерін дамытуға, ғылыми дамып жетілуге жағдай жасалуы әр студентке жеке тұлға ретінде қалыптасуға өз құқығын білуге, ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми дамып жетілуге бағытталған.

2 сборник Бектаев 1 сборник Бектаев

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ»  атты жас ғалымдар мен  студенттердің  республикалық IV ғылыми- тәжірибелік конференциясына 1-4 курс студенттерінен 35 студент қатысып баяндамалар жасады.

Кафедрада 94 студент ғылыми жұмыспен айналысады, бұл жалпы студенттің 82 % - ын құрайды. Кафедрада сонымен қоса  «Серпін»  атты  үйірмесі  кесте бойынша үздіксіз жұмыс жасайды. Ақпан айында институт деңгейінде мамандық студенттерінің және орта арнаулы оқу орны мен орта мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған олимпиада өткізіліп  тұрады. Сонымен  қатар  студенттерді  ҚР басқа да ЖОО пәндік олимпиадаларына қатыстыру  жұмыстары жыл  сайын  жүргізіліп  келеді. Соның нәтижесінде 2015 жылы сәуір айында Түркістан қаласында өткен ҚР ғылым және білім министрлігінің ұйымдастыруымен 5В011100-Информатика мамандығы студенттерінің арасында жүргізілген VІI Республикалық пәндік олимпиадасынан Үсентаев Н. ІІ дәрежелі, Тыныбаев А., және Ермеш А. ІIІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.