Жетістіктер

 

Жетістіктер

Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының  ұйымдастыруымен студент жастарды кәсіпкерлікке  баулу мақсатында  кәсіпкерлік негіздері курсы нәтижесінде  студенттердің алған сертификаттары.

   

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен университеттер арасындағы ХI Республикалық олимпиадасында ОҚМПУ студенттері информатика мамандығы бойынша 2- орынға командалық есеппен иеленді.  Уалихан Д. 111-16 тобы, Нығмет  М. 111-16к тобы, Даронин Е. 128-88 тобында 2- орынға және  қатысушылар арасындағы жеке сайыста  Нығмет М. 111-16к 2- орынға ие болып, тиісті дипломдармен марапатталды.

Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары  5В011100-Информатика мамандығы студенттерінің арасында өткен Х Республикалық пәндік олимпиадада командалық турда ІІ орын алған ОҚМПУ командасының мүшелері Арын Ерғали, Нығмет Мағжан, Уалихан Дулат, команда жетекшілері: п.ғ.к., аға оқытушы Ибашова Альмира Байдабековна және магистр-оқытушы Одманова Гульзира Полатқызын, жеке турда 50 студенттің арасынан топ жарып ІІІ орын иеленген Нығмет Мағжанды жеңістерімен құттықтаймыз.

  

 

«ЭКСПО – 2017: Ақпараттандыру  –  қоғам   дамуының  болашағы» Бектаев оқулары – 2

 атты халықаралық   ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары

«ЭКСПО – 2017: Ақпараттандыру  –  қоғам дамуының  болашағы» Бектаев оқулары – 2  атты халықаралық   ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды зертттеулер» секциясының есебі

  •  (24 ақпан 2016 жыл)
  • Модератор: п.ғ.к., доцент  Әмірбекұлы А.
  • Хатшы: Құлжатаева К.М.
  • «Ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды зерттеулер» секция бойынша түскен баяндамалар: 43
  • Баяндамалардың жіберілу географиясы:   Шымкент - 32, Белорусь -1, Алматы-4, Жетысай – 2, Атырау – 2, Тараз -  2.
  • Білім мекемелері сұрыптамасы:  ЖОО - 33, арнайы орта оқу мекемелері - 4, орта мектептер- 6.
  • Қазақ тілінде – 34,  орыс тілінде -  7,  шет тілде  - 2.
  • Қатысқандардың  жалпы саны:  25.
  • Жасалған баяндамалардың саны: 14
  • Олардың ішінде:

Әмірбекұлы А. «Оқыту мекемесін тәрбие мекемесіне айналдырудың мәні», Бектай Е.К. «Будущее развития информационных технологий»,  Сарсенбиева Н.Ф. «Интерактивті технологияларды оқу үрдісінде пайдалану», Нәлібаев К.Қ. «Астана  Expo-2017» маңызы, Адылбекова Э.Т. «Автоматтандырылған  ақпараттық жүйе құру жолдары», Лесбаев А.Ө. Информатикадан  қиындығы жоғары  есептерді шешу әдістері, Мырзаханов Ж.Ш.«Создание ЦОР как интерактивно-мультимедийного приложения», Одаманова Г.П. «Java Script тілінің анимациялық мүмкіндіктерін пайдалану жолдары мен анимация құру тәсілдері».

 

 

 

 

Студенттер жетістектері 

   

 

    

Академиялық ұтқырлық бойынша шет елге оқуға кеткен студенттер