ЖОО және білім беру бағдарламаларының рейтингісі

ОҚМПУ-дың АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігінің “Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” ұлттық рейтінгісіне қатысуы

ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингі «Топ 20» білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары мен деңгейлері (бакалавриат,магистратура және докторантура) бойынша жиналған жиынтық балл бойынша анықталады.

“Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” рейтингісіне еліміздің 87 жоғары оқу орны қатысқан. Бұл ретте жоғары оқу орындарын ранжирлеуді жүргізудің ерекше қиындығы зерттеу үшін талап етілетін өзекті және ең бастысы сенімді деректерді алу және өңдеу болады. Сондықтан, дұрыс емес ақпарат берілуіне байланысты 28 ЖОО қабылданбаған. Рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарын іріктеу үшін біліктілік талаптары қолданылды. Осылайша рейтингке 59 жоғары оқу орны енгізілді, олар рейтингке қатысу үшін барлық талаптарды орындады: ұлттық университеттер - 8, мемлекеттік - 21, акционерлік-10 және жеке меншік-20.

“Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” рейтингісіне ОҚМПУ-дан бакалавр мамандығы бойынша 33 мамандық, магистратура бойынша 10, докторантура бойынша 6 мамандық қатысты.

15 мамыр 2019 ж. күнгі «Казахстанская правда» газетінде жарияланған   ҚР ЖОО-ның  арасында АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігі ұлттық рейтінгісінен “Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” нәтижесінде ОҚМПУ 2018-2019 оқу жылында  (Генеральный рейтинг) «Топ-20» ҚР жетекші жоғары оқу орындарының  арасында  8 орынға (2017-2018 оқу жылында 11 орын), институционалды рейтингісі педагогикалық бағытта мамандар даярлайтын ҚР жоғары оқу орындарының  арасында 4 орынға (2017-2018 оқу жылында 6 орын)  ие болды.

Педагогикалық бағытта Бакалавр мамандарын даярлайтын ҚР жоғары оқу орындарының  арасында  жүлделі орындарға ие болған төмендегі мамандықтар алғашқы үштіктен көрінді және сертификатқа ие болды:

  1. 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 5 орын);
  2. 5В010500- «Дефектология»– 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 6 орын);
  3. 5В010600- «Музыкалық білім» – 3-орын, (2017-2018 оқу жылында 3 орын);
  4. 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  5. 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 4 орын);
  6. 5В012000 - «Кәсіптік оқыту» – 3-орын, (2017-2018 оқу жылында 8 орын);
  7. 5В012100- «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  8. 5В012800- «Физика-Информатика» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  9. 5В012500- «Химия-Биология» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  10. 5В012600- «Математика-Физика» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  11. 5В012700-«Математика-Информатика» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  12. 5В013000-«Тарих-Дінтану» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын).

 

Магистратура бойынша:

1. 6М010500- «Дефектология»– 3-орын;
2. 6М042100- «Дизайн»– 3-орын.

Докторантура бойынша:

1. 6Д010900- «Математика»– 2-орын;
2. 6Д011000- «Физика»– 2-орын;
3. 6Д011400- «Тарих»– 1-орын;
4. 6Д012000- «Кәсіптік оқыту» – 3-орын;
5. 6Д011800- «Орыс тілі мен әдебиеті» – 2-орын;