Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «     » _______

№ ____ бұйрығына 8-қосымша

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) «Білім туралы» 2007 жылғы                        27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының
5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЖОО), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында білім мазмұны білім алушылардың арнайы контингентін анықтайды және білім беру нормалары аталған оқу орындарының қызмет етуінің айрықша мәртебесіне сәйкес дербес әзірленеді.

2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;

4) ӘАОО-дағы магистрлік диссертация – магистранттың таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және (немесе) практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

5) ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы не ҮОҚы негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

6) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

7) DBA бағдарламасы – DBA бағдарламасы басқарушы кадрларды, практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ менеджменттің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерін меңгеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүдделі жоғары буын менеджерлерін бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып даярлауға арналған бағдарлама;

8) докторант – докторантурада білім алатын адам;

9) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

10) докторлық диссертация – докторанттың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде тануға болатын теориялық ережелер әзірленген немесе ғылыми проблемасы шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;

11) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

12) executive MBA (бұдан әрі – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарламасы;

13) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогының негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына жеке жасайтын оқу жоспары;

14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

15) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;

16) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

17) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

18) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;

19) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

20) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және(немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;

21) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;

22) міндетті компонент – МЖБС-да белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

23) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы мен білім алушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде дербес әзірлейтін оқу құжаты;

24) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде білім алушының өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

25) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

26) іскерлік әкімшілендіру докторы (бұдан әрі – DBA (ДиБиЭй)) – DBA бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

27) іскерлік әкімшілендіру магистрі – МВА немесе ЕМВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.

 

 

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар

 

1-параграф. Магистратура

 

3. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;

2) магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;

3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы. ӘАОО үшін магистрлік диссертацияны немесе магистрлік жобаны орындау;

4) қорытынды аттестаттау.

4. Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және таңдау бойынша компонент (бұдан әрі – ТК) пәндерінен тұрады.

ӘАОО-да БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК пәндерін қамтиды.

5. Жоғары оқу орны компоненті және таңдау бойынша компонент  пәндерінің тізбесін ЖОО дербес айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығының сұранысы, жұмыс берушілердің талабы, магистранттардың сұраныстары мен мүдделері ескеріледі.

ӘАОО-ны қоспағанда, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның барлық білім беру бағдарламаларының БП циклінің жоғары оқу орны компоненті «Ғылым тарихы мен философиясы», «Шет тілі (кәсіби)», «Жоғары мектеп педагогикасы», «Басқару психологиясы» пәндерін, бейінді бағыт үшін «Менеджмент», «Басқару психологиясы», «Шет тілі (кәсіби)» пәндерін қамтиды.

ЖОО-лар пәнаралық сипатқа ие БП циклінің жоғары оқу орны компоненті пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар әзірлейді.

6. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 29%-ды немесе 35 академиялық кредитті құрайды. Олардың 57%-ы немесе 20 академиялық кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.

Магистратурадағы ғылыми-педагогикалық бағыттағы ӘАОО-да БП көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 20%-ын құрайды.

7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 17%-ды немесе 10 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 15 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды. Оның ішінде жоғары оқу орны компоненті пәндерінің көлемі 60%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе            6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.

Бейіндік бағыттағы магистратурадағы ӘАОО-да БП циклінің көлемі кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.

8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 41%-ды немесе 49 академиялық кредитті құрайды.

ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндік пәндер циклінің көлемі кемінде 50%-ын құрайды.

9. Бейінді бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі ЖОО-ның қалауы бойынша жоғары оқу орны компоненті мен таңдау бойынша компонент арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 42%-ды немесе 25 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 45 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.

Бейіндік бағыттағы магистратурадағы ӘАОО-да бейіндік пәндер циклінің көлемі (оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жыл) 50% - дан кем болмайды.

10. Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.

11. Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.

12. ЖОО білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы                    № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

13. Білім беру мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін

жоспарлауды ЖОО және ғылыми ұйым кредиттік оқыту технологиясы негізінде дербес жүзеге асырады.

14. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

15. Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Бизнес-орта үшін мамандар даярлау мақсатында ЖОО MBA бағдарламаларын іске асыра алады.

16. Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып табылады:

1) магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;

2) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.

17. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:

1) БП циклінде педагогикалық – ЖОО-да;

2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде.

18. Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте ЖОО қалауы бойынша магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.

19. Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.

20. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер циклінде өндірістік практиканы қамтиды.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.

ӘАОО-да өндірістік практика кәсіби практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізіледі.

21. Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.

22. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке кезеңде жоспарлануы мүмкін.

23. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.

24. Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.

25. Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.

26. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты академиялық аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖОО дербес айқындайды.

27. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.

28. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

29. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.

30. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының немесе PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін.

ӘАОО-да бірінші семестр ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ӘАОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылым кандидаттары немесе докторлары немесе PhD докторлар, сондай-ақ «магистр» дәрежесі немесе кем дегенде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар полковник әскери атағына (арнайы атағы, шені) ие тұлғалар қатарынан тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

31. Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

32. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ЖОО өзі айқындайды.

ӘАОО-да магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

33. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖОО-ның өзі анықтайды.

34. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.

35. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау рәсімін ЖОО және ғылыми ұйым дербес айқындайды.

36. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергеннен кейін педагогикалық қызметке рұқсат етіледі.

37. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

38. ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын аяқтаған бейінді бағыттағы магистрге негізгі дипломына қосымша тиісті куәлік беріледі.

Педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын меңгергені туралы куәліктің нысанын ЖОО дербес айқындайды және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖОО-лар тарапынан міндетті түрде танылады.

39. Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 10%-дан аспайтын көлемді (тиісінше 1 жыл немесе 1,5 жыл оқу мерзімімен бейінді магистратурада 20% немесе 13%) құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау нысанында өткізіледі.

ӘАОО үшін қорытыны аттестаттау 12 академиялық кредитті кем емес көлемді құрайды.

40. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен басты құзыреттерді бағалау болып табылады.

ӘАОО-да қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және магистрлік диссертацияны қорғау нысанында немесе мемлекеттік емтихан тапсыру және қосымша екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндерден тапсыру нысанында өткізіледі.

ӘАОО білім алушылардың теориялық дайындық деңгейін, оқу жетістіктерін, оқу нәтижелері мен зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, оларды қорытынды аттестаттаудың нысанын өзі айқындайды: мемлекеттік емтихан тапсыру және магистрлік диссертация қорғау немесе мемлекеттік емтихан тапсыру және қосымша екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндерден тапсыру.

41. ӘАОО білім алушыларын қоспағанда, магистратурада білім алушылар қажет болған жағдайда оқудың қосымша түрлерін өз бетінше ақылы негізде меңгереді.

42. Түсу емтихандарын өткізу және МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламаларына қабылдау мерзімдерін ЖОО дербес айқындайды.

МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.

43. МВА (ЕМВА) бітірушілерінің басты құзыреттеріне қойылатын талаптар.

МВА (ЕМВА) бағдарламасын бітірушілердің құзыреттері мынадай білімдермен және дағдылармен айқындалады:

  1. заманауи нарықтық ортада ұйым қызметінің стратегиялық позициясымен бизнесті басқарудың мәні;
  2. ұйымдардың құрылымы, олардың мүдделі тараптармен (стейкхолдерлер) өзара іс-қимыл жүргізу тетіктері, ұзақ мерзімді перспективада сыртқы контекст жағдайында жұмыс істеу принципі;
  3. стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдамасы;
  4. басқарудың заманауи тәсілдері;
  5. менеджменттің аналитикалық әдістері, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістері, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістері;
  6. бизнестің жаһандану мәні;
  7. бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдерді түрлендіру;
  8. сыртқы ортаның ықпалын анықтау және оны басқарудың практикалық проблемаларын шешу кезінде ескеру;
  9. теория білімдеріне, заманауи зерттеулер мен практиканың талаптарына қарай менеджменттің әртүрлі функционалдық аспектілерін кіріктіру;
  10. компанияны басқару проблемаларын шешуде маркетингтік және қаржылық тәсілдерді пайдалану;
  11. бизнесті жүргізу проблемаларын қарау және оларды халықаралық ортадағы бәсекелестік позициясымен басқару.

44. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:

1) кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері;

2) өндірістік практиканы (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін);

3) магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау;

4) қорытынды аттестаттау.

45. Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары міндетті және элективті компоненттер пәндерінен тұрады.

Элективті пәндердің тізбесі белгілі бір бизнес саласы үшін МВА (ЕМВА) бағдарламасының дайындау бағытына және мамандандыруына сәйкес айқындалады.

46. МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы                                 осы МЖБС-ға 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

47. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы шеңберінде магистрлер даярлау жалпы бейіндегі кәсіби басқарушыларды (general manager) даярлауға қойылатын талаптарды орындау жағдайында әртүрлі бағыттар бойынша, сондай-ақ корпоративті бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

48. МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқытуды бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етеді.

49. ЖОО МЖБС талаптарына сәйкес оқыту нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді, оның негізінде пәндер бойынша оқу жоспарлары (білім алушының оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жоспарлары) және оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

ЖОО білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайын қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульді оқыту принципі бойынша әзірленеді (ӘАОО-да басқа принциптер бойынша да әзірленеді).

50. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте «кіруде» магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасы бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер орнатылмайды).

Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖОО дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.

Пререквизиттер ретінде магистрант тануды ЖОО Заңның 5-бабының                       38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсынады.

Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламаларына сәйкес оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

ӘАОО үшін жоғары арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері түрлі академияның білімі болған жағдайда бейіндік бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

51. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

 

 

3-тарау. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

 

52. Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәндерін, модулін немесе барлық білім беру бағдарламасын зерделеуі үшін талап етілетін және білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

53. Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.

54. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

55. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы;

5) магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

ӘАОО-да магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

2) практика (қажет болған жағдайда педагогикалық практика), әскери тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) негіздемесі және құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы;

4) магистрлік диссертацияны  (магистрлік жобаны) орындау жоспары;

5) ғылыми жарияланымдар жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға (ғылыми-теориялық конференцияларға) және тағы басқаларға қатысу.

56. Магистранттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын ЖОО немесе ғылыми ұйым дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсандық – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

57. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

58. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

59. 56 және 57-тармақтарда көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесі болып табылады. Магистранттарға семестрде аз немесе көп академиялық кредит санын игеруге жол беріледі. Магистранттардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологияларына қарай оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және ЖОО өз бетінше есептейді.

60. Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:

1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде анықталған;

2) бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті  (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен 60 кредиттен кем емес, 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 кредиттен кем емес және 110 кредиттен көп емес) игеруі болып табылады.

 

 

4-тарау. Магистранттардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

 

61. Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді.

Оқыту нәтижелері барлық магистратураның білім беру бағдарламасының деңгейіндегі сияқты жекелеген модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де тұжырымдалады.

62. Дескрипторлар білім алушының:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.

63. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «магистр» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

64. ЖОО немесе ғылыми ұйым бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплома саплемент)) тегін береді.

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығы

 

65. Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі.

66. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

67. МВА білім беру бағдарламалары бойынша оқудың типтік мерзімі                 2 жылды, ЕМВА бағдарламасы бойынша кемінде 1 жылды құрайды.

 

 

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар

 

2-параграф. Докторантура

 

68. Білім беру компоненті докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 30%-ын немесе 53 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін (бұдан әрі – ЖК) және таңдау компонентін (бұдан әрі – ТК), практиканы қамтитын базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклінен тұрады. Бұл ретте, БП және бейіндеуші пәндер  көлемінің қатынасын ЖОО дербес анықтайды.

ӘАОО-да білім беру бағдарламаларына ЖК пәндерінен тұратын БП және бейіндеуші пәндер циклдері кіреді.

69. ЖК және ТК пәндерінің тізбесін ЖОО-лар дербес анықтайды. Бұл еңбек нарығының қажеттілігі, жұмыс берушілердің үміттері, докторанттардың қажеттіліктері мен мүдделері есепке алынады.

ӘАОО-да ЖК пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес анықтайды.

Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.

70. PhD докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады, бейінді докторантурада, оның ішінде DBA бағдарламалары бойынша – магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білім беру базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте «кіруде» докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратураның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі формалды білім берудің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер орнатылмайды).

Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖОО-лар дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.

Пререквизиттер ретінде докторант тануды ЖОО Заңның 5-бабының
38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсына алады.

ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен жағдайда, пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.  

71. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

72. Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика, білім, медицина, құқық, өнер, экономика, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы, бизнес-әкімшілендіру сияқты әлеуметтік салалар үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

73. Докторантураның кәсіптік даярлау бойынша білім беру бағдарламалары PhD докторанттар немесе бейіні бойынша докторлар даярлауға арналған аккредиттелген бағдарламаларды іске асыратын шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.

74. Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Докторантураның білім беру  бағдарламасы:

1) PhD бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеу практикасын;

2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканы қамтиды.

Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриатта мен магистратурада сабақ өткізуге тартылады.

Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі.

Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру барысында алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі.

Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен анықталады.

75. Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми зерттеу (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.

Ғылыми компоненттің көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 64%-ды немесе 115 академиялық кредитті құрайды.

76. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жоспарында инновациялық технологиялармен және жаңа өндіріс түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және  (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларында, оның ішінде шетелде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.

Шетелдік тағылымдамадан өту шарттарын ЖОО дербес анықтайды.

77. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ қойылатын талаптар:

1) докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді;

4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді;

5) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі;

6) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.

78. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ қойылатын талаптар:

1) докторлық диссертация қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделіп, интеграцияланған, функционалдық сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсыныстарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;

4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады.

79. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Докторантураның академиялық аттестациясын өткізу тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

80. Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.

ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.

81. Докторантураға оқуға түскеннен кейін екі ай ішінде докторлық диссертацияны жүргізу үшін докторантка ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен ғылыми жетекші бекітіледі.

82. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары немесе кандидаттары қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖОО ғалымы болады («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» даярлау бағыттары тобынан басқа).

Бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары немесе кандидаттары немесе философия докторлары (PhD) қатарынан тағайындалатын, кем дегенде
2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың біреуі тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманы болады.

Ғылыми консультанттар докторанттардың оқу тәртібін сақтауына, докторанттың жеке жұмыс жоспарын орындауына және диссертациялық жұмыстың уақытылы ұсынылуына жауап береді.

83. Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде анықталып, ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

84. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

85. Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру қағидаларына сәйкес жарияланады.

86. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.

Бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұнын ЖОО дербес белгілейді.

ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген.

Докторантураның білім беру бағдарламалары модульдік оқыту принципі бойынша құрылымдалады.

87. Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті немесе докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 6%-ды құрайды және докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау түрінде өтеді.

Докторанттың қорытынды аттестациясы докторлық диссертацияны жазу мен қорғау түрінде өтеді.

Докторлық диссертация Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы жүзеге асыратын, авторға және дереккөзге сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылуына тексеруден (диссертацияны плагиатқа тексеру) өтуі тиіс.

88. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады.

89. Қабылдау емтихандары мен DВА білім беру бағдарламаларына қабылдауды ЖОО дербес белгілейді.

DВА білім беру бағдарламаларына оқыту ақылы негізде жүргізіледі.

90. DВА түлектерінің негізгі құзыреттері білім алушының қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

         1) ұйымдастыруға жүйелік көзқарастың әдіснамасын, менеджменттің аналитикалық әдістерін және басқарудың заманауи тәсілдерін, диагностикалау, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдау әдістерін және оларды тәжірибеде жүзеге асыра білу;

2) менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешу және осы шешімдерді өмірде жүзеге асыру, басқару функцияларын орындауға дайын болу және тұтастай ұйымның мүддесі үшін кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті болу;

         3) тиісті басқарушылық қызметке ие болу үшін қажетті және нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен оның мүмкіндіктерін, мемлекеттің функциялары мен экономикалық рөлін терең түсінуге, экологиялық проблемаларды түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және оны жүргізудің өркениетті этикалық нормаларына сүйенгенін түсінуге негізделген қажетті білімді, іскерлік пен дағдыларды меңгеру;
         4) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазірі проблемалары мен перспективаларын бағалау, әлемдік экономика мен жаһанданудың қазіргі даму үрдістерін түсіну және халықаралық бәсекелестік мәселелерін басшылыққа ала білу.
         91. DВА білім беру бағдарламасы:
         1) теориялық оқытуды;
         2) ғылыми-зерттеу жұмысын, оның ішінде докторлық диссертацияларды орындауды;
         3) қорытынды аттестаттауды қамтиды.
         92. DBA білім беру бағдарламасының мазмұны қазақстандық бизнес пен менеджменттің ерекшеліктері мен принциптерін, халықаралық бизнесті және шетелдік басқару тәжірибесін зерттеуді ескере отырып әзірленеді.
         ЖОО компоненті мен таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес ЖОО дербес анықтайды.
         93. DBA білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 

9-қосымшаға сәйкес келтірілген.
         94. DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компоненті докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарынан, басылымдары мен докторлық диссертациясын жазуынан қалыптастырылады.
         95. Докторанттың зерттеулерінің нәтижелері кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде кемінде 3 (үш) алыс шетелдердегі ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланады. 
         96. DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалатын, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультант жүзеге асырады.
         97. DBA бағдарламалары бойынша оқытуды ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар және даярлау бағыты бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар профессорлық-оқытушылық құрам жүзеге асырады.
         98. ЖОО заманауи білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы DBA бағдарламасын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етеді.

99. DBA білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру қағидаларына сәйкес «Іскерлік әкімшілендіру докторы» дәрежесі беріледі.


 

 

3-тарау. Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне

қойылатын талаптар

 

100. Оқу жүктемесі докторантқа оқу пәнін, модульді, барлық білім беру бағдарламасын зерттеуге және білім беру бағдарламасының белгіленген оқу нәтижелеріне жету үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

101. Оқу жүктемесіне докторанттың барлық оқу қызметі: дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар, топтық жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, өндіріс орнындағы практика, ғылыми немесе кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (тәжірибелік-зерттеу жұмысы), докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау, өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен жұмыс кіреді.

102. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

103. Докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайға жыл сайын нақтылануы мүмкін);

2) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі мен есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, бағасы, мерзімі және есеп беру түрі);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертацияның тақырыбы;

5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми басылымдар мен тағылымдамадан өту, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспары.

ӘАОО-да докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны;

2) практика (педагогикалық практика қажет болғанда), тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру түрі);

3) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;

4) докторлық диссертацияны орындау жоспары;

5) ғылыми басылымдар жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға қатысу) және т.б.

104. Докторанттың оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысанын ЖОО немесе ғылыми ұйым анықтайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратындығы ескеріледі.

105. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 кредитке тең және бір оқу жылында 1800 академиялық сағатта сәйкес келеді. Бұл ретте бір семестр ішінде докторант 30 академиялық кредитті меңгереді.

106. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

107. Осы МЖБС-ның 104 және 105-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін көрсетеді. Докторанттың семестрде академиялық кредитті аз немесе көп мөлшерде орындауына жол беріледі. Оқу түрі мен технологиясына қарай, жеке санаттағы докторанттарға оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін берілетін нақты уақыт өзгеше болуы және ЖОО тарапынан есептелуі мүмкін.

108. Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген және диссертациясын нәтижелі қорғаған докторантқа философия докторы (PhD) немесе оқу мерзіміне қарамастан бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

 

 

4-тарау. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

 

109. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді.

Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.

         110. Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:

1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін  көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;

2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

         3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;
         4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;

6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.

        111. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің оң шешімімен докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскриптпен) бірге берілді.

112. PhD докторы дәрежесін алған тұлға ғылыми білімін тереңдету, мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін жоғары оқу орны таңдаған жетекші ғалымның басшылығымен постдокторлық бағдарламаны орындайды немесе ғылыми зерттеулер жүргізеді.

113. Бейінді докторантураның түлегі педагогикалық бейін пәндерінің циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады. Бұл цикл қосымша академиялық кезеңде игеріледі (егер докторантураның білім беру бағдарламасында қарастырылмаса), оны аяқтағаннан кейін негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі.

        114. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми компонентін орындамаған докторантқа ғылыми компоненттің академиялық кредиттерін қайтадан меңгеруге және келесі жылдары диссертацияны ақылы негізде диссертация қорғауға мүмкіндік беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, ғылыми компонентін орындаған, бірақ докторлық диссертация (жоба) қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері және академиялық кредиттер беріледі және диссертациясын келесі жылдары 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі.

ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа зерттеу компонентінің кредиттерін қайтадан меңгеруге және келесі оқу жылында диссертация қорғауға мүмкіндік беріледі. Ғылыми компонент кредиттерін қайта меңгеру және диссертацияны қорғау тәртібін АӘОО өз бетінше анықтайды.

 

 

5-тарау. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар

 

115. Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық меңгерілген болып есептеледі.

116. Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

117. DВА білім беру бағдарламасы бойынша типтік оқу мерзімі кемінде                           3 жылды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

1-қосымша

 

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

 

р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

1920

64

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

1050

35

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

600

20

оның ішінде:

 

 

Ғылым тарихы мен философиясы

 

 

Шет тілі (кәсіби)

 

 

Жоғары мектептің педагогикасы

 

 

Басқару психологиясы

 

 

Педагогикалық практика

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

450

15

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

1470

49

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

 

 

3)

Зерттеу практикасы

 

 

2

Ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

720

24

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

 

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

360

12

 

Барлығы

3600

120

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

2-қосымша

 

ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

 

Р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық кредит бойынша

1

2

3

1

Теориялық оқыту

 

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 20 %

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

 

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 50 %

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

 

2)

Ғылыми-зерттеу жұмысы

24

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

24

 

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

12

1)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

12

 

Барлығы

кемінде 120

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

3-қосымша

 

Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

 

р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

1 жылдық типтік
оқу мерзімімен

1,5 жылдық типтік

оқу мерзімімен

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

5

6

1.

Теориялық оқыту

750

25

1500

50

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

300

10

450

15

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

180

6

180

6

Оның ішінде:

 

 

 

 

Шет тілі (кәсіби)

 

 

 

 

Менеджмент

 

 

 

 

Басқару психологиясы

 

 

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

120

4

270

9

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

750

25

1350

45

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

 

 

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

 

 

 

 

3)

Өндірістік практика

 

 

 

 

2

Эксперименттік-зерттеу жұмысы

390

13

540

18

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

390

13

540

18

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

 

 

 

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

360

12

1)

Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ)

360

12

360

12

 

Барлығы

1800

60

2700

90

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

                  4-қосымша

 

ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

Р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

 

 

Типтік оқыту мерзімі 1 жыл

Типтік оқыту мерзімі 1,5 жыл

 

 

академиялық кредит бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Теориялық оқыту

25

50

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 15 %

кемінде 15 %

1)

ЖОО компоненті (ЖК)

 

 

1.2

Бейіндеуші пәндер (КП) циклі

кемінде 50 %

кемінде 50 %

 

ЖОО компоненті (ЖК)

 

 

 

Эксперименттік-зерттеу

 

 

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

13

18

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 12

кемінде 12

1)

Кешенді мемлекеттік емтихан (КМЕ)

1

1)

2)

Магистрлік диссертацияны (жобаны) ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

3

2)

 

Барлығы

кемінде 60

кемінде 60

         

 

Типтік оқыту мерзімі 1,5 жылды құрайтын бейінді магистратурада жалпы еңбек сыйымдылығы 110 кредиттен аспайтын көлемді құрауы мүмкін.

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

5-қосымша

 

Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

600

20

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

 

 

Оның ішінде:

 

 

Ғылым тарихы мен философиясы

 

 

Жоғары мектеп педагогикасы

 

 

Педагогикалық практика

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

 

 

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

 

 

2)

Таңдау компоненті (ТК)

 

 

 

Барлығы

900

30

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

6-қосымша

 

МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы

 

р/с№

Блоктар мен пәндердің атауы

Жалпы сыйымдылығы

МВА

ЕМВА

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

Академия-лық кредит бойынша

1

Кәсіби құзыреттілікті  қалыптастыру бойынша пәндер блогы

1740

58

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті:

180

6

180

6

 

Стратегиялық менеджмент

90

3

90

3

 

Бизнес-зерттеу

90

3

90

3

2)

Таңдау компоненті

1320

44

1320

14

 

Оның ішінде көшпелі модуль/ шетелде тағылымдамадан өту*

 

 

 

 

3)
 

Өндірістік практика

кемінде 240

кемінде 8

 

 

2

Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы

600

20

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

 

 

2)

Таңдау компоненті

 

 

 

 

3

Эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау

900

30

540

18

4

Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/жобаны жазу және қорғау)

360

12

360

12

 

Барлығы

3600

120

1800

60

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

                  7-қосымша

 

Докторантураның ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының құрылымы

 

р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Білім беру компоненті

1590

53

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

 

 

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

2)

Таңдау компоненті

 

 

3)

Педагогикалық практика

 

 

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

 

 

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

2)

Таңдау компоненті

 

 

 

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

 

 

3)

Зерттеу практикасы

 

 

2

Ғылыми-зерттеу жұмысы

3450

115

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы

 

 

3

Оқытудың қосымша түрлері

 

 

4

Қорытынды аттестаттау

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

360

12

 

Барлығы

5400

180

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

                                                                          8-қосымша

 

ӘАОО-ғы докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

 

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Білім беру компоненті

1590

53

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

 

 

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

 

 

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

2)

Таңдау компоненті

 

 

3)

Зерттеу практикасы

 

 

2

Ғылыми-зерттеу жұмысы

3450

115

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы

 

 

3

Оқытудың қосымша түрлері

 

 

4

Қорытынды аттестаттау

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

360

12

 

Барлығы

5400

180

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

9-қосымша

 

DBA бағдарламасының құрылымы

 

р/с№

Блоктар мен пәндердің атауы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы

1290

43

1.1

Жоғары оқу орны компоненті:

150

5

 

Зерттеу әдістері және әдіснамасы

150

5

1.2

Таңдау компоненті

300

10

1.3

Зерттеу практикасы

840

28

 

оның ішінде көшпелі модуль/шетелде тағылымдамадан өту

 

 

2

Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы

300

10

 

Таңдау компоненті

300

10

3

Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын зерттеу жұмысы

3450

115

4

Қорытынды аттестаттау (докторлық диссертацияны жазу және қорғау)

360

12

 

Барлығы

5400

180

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне 17669 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 24.10.2018 18:37:56, положительный результат проверки ЭЦП

Генеральная прокуратура РК - Генеральной Прокурор Кайрат Пернешович Кожамжаров, 25.10.2018 12:28:43, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Министр Елжан Амантаевич Биртанов, 29.10.2018 16:00:36, положительный результат проверки ЭЦП

Комитет Национальной Безопасности РК - Председатель Карим Кажимканович Масимов, 31.10.2018 11:49:09, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство обороны РК - Министр обороны Нурлан Байузакович Ермекбаев, 25.10.2018 12:13:02, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство внутренних дел РК - Министр Калмуханбет Нурмуханбетович Касымов, 29.10.2018 12:43:14, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Вице-министр Берик Турсынбекович Бейсенгалиев, 26.10.2018 15:49:00, положительный результат проверки ЭЦП

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции - Председатель Алик Жаткамбаевич Шпекбаев, 25.10.2018 16:00:24, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство культуры и спорта РК - Вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан Ерлан Токтарханович Кожагапанов, 25.10.2018 18:32:51, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство образования и науки РК - Министр Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев, 31.10.2018 18:02:01, положительный результат проверки ЭЦП