Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «___»_______

№ _____бұйрығына

7-қосымша

 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЖОО), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды

2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
  2. ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – ұлттық қауіпсіздік жүйесінде кәсіби қызметті және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
  3. бакалавриат – кемінде 240 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;
  4. дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
  5. дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын қорытынды жұмыс;
  6. жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
  7. жоғары арнаулы білім (специалитет) – кемінде 300 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маманның біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;
  8. жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
  9. құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті
  10. міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;
  11. оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;
  12. таңдау компоненті – ЖОО ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі;

ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде АӘОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;

  1. үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – Заңның 5-бабының
    5-2) тармақшасына сәйкес оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты.

 

2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

 

3. Жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәндерінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер    (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер және осы МЖБС-ның 1 және              2-қосымшаларда көрсетілген.

ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды.

ӘАОО-да ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдері міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады, олардың құрылымы осы МЖБС-ның 3-қосымшасында келтірілген.

4. ЖБП циклі тізбесінде міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді, оның мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалады. Тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.

5. ЖК және ТК пәндерін ЖОО дербес анықтайды және еңбек нарығының қажеттілігін, жұмыс берушілердің күтуін және білім алушылардың жеке мүдделерін ескереді.

ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептер, біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін ескереді.

6. ЖБП циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламасы көлемінен 23%-дан аспайды неемесе 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

Бұл ретте, бакалавриат деңгейіндегі барлық мамандықтар және (немесе) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ЖОО білім алушылары «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

ЖБП цикліндегі міндетті компонент пәндері:

1) болашақ маманның дүниетанымын, азаматтық және моральдық ұстанымын қалыптастыруға, қазақстандық қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысатын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде бәсекеге қабілетті, қазақ, орыс және шет тілдерінде коммуникациялық бағдарламаларды құруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге, табысқа жетуге және кәсіби деңгейге бейімдеуге бағытталған;

2) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы негізінде болашақ маманның әлеуметтік-мәдени тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттілік жүйесін құрайды;

3) қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады;

4) білім алушылардың өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты дамытуға үлес қосады;

5) білім алушылардың өзін-өзі дамыту және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады;

6) қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.

7. ЖБП циклінің міндетті пәндерін оқып бітіргеннен кейін тыңдаушы келесі біліктілікке ие болады:

  1. ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға беру;
  2. мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпретациялау;
  3. әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға беру;
  4. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете білу;
  5. Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана білу;
  6. әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларға баға беру;
  7. осы ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездеу;
  8. нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана білу;
  9. өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту;
  10. қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану;
  11. жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін таныту;
  12. әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолдана білу;
  13. талдаудың әдіснамасын таңдау;
  14. зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу;
  15. жаңа білімді синтездеу және оны гуманитарлық әлеуметтік маңызды өнімдер түрінде ұсыну;
  16. тұлғаралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай білу;
  17. грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана білу;
  18. байланысқа қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беру;
  19. жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білу;
  20. өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.

8. ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК, экономика мен құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және өмір қауіпсіздігі саласындағы кәсіптік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар, көшбасшылық, инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәндердің жалпы көлемінен кемінде
5 академиялық кредитті құрайды.

9. ЖОО пәнаралық сипатқа ие ЖБП циклінің пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.

10. ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламасындағы пәндердің көлемінен кемінде 23%-дан аспайды немесе
56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), дене шынықтыру, әлеуметтік-саяси білімнің модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

ӘАОО-да «Дене шынықтыру» пәнін БП цикліне немесе қосымша оқыту түріне ауыстыруға, ал оған бөлінген кредиттерді ЖК-нің ЖБП циклі ауыстыруға рұқсат етіледі.

ӘАОО-да ЖК ЖБП циклінің пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.

11. БП цикліндегі оқу пәндерін оқыту және кәсіби практиканың өту көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 47%-ын немесе кемінде 112 академиялық кредитті құрайды.

ӘАОО-да БП циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 47%-ды немесе кемінде
112 академялық кредитті құрайды. БП цикліне жалпы көлемде БП циклінің көлемінің 30%-нан аспайтын барлық практика түрлері (кәсіптік практика, оқу практикасы, әскери тағылымдама, жауінгерлік дайындық және тағы басқа) кіреді.

12. Бейіндеуші пәндер циклі көлемі оқу бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 25%-ды немесе кемінде 60 академиялық кредитті құрайтын оқу пәндерінен және кәсіби практика түрлерінен тұрады.

ӘАОО-да бейіндеуші пәндер циклінің көлемі жалпы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының көлемінен кемінде 25%-ын немесе кемінде
60 академиялық кредитті құрайды.

13. БП және бейіндеуші пәндер циклдерінің модульдері мен пәндерінің бағдарламасы білім берудің бірқатар салалары бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатта болады.

14. Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 5%-ды құрайды және дипломдық жұмыс (жоба) жазу және қорғау түрінде немесе кешенді емтиханға дайындалу және тапсыру түрінде жүргізіледі.

Бұл ретте, кешенді емтихан бағдарламасы жоғары білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес еңбек нарығы қалыптастыратын интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттілікті көрсетеді.

Білім алушылар дипломдық жұмыс (жоба) жазудың орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:

  1. денсаулығына байланысты стационарда ұзақ ем алу;
  2. екі жасқа толғанға дейінгі бала тәрбиелеу;
  3. науқас ата-аналарына қарау.

Бұл ретте білім алушылар ЖОО басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжатты ұсынады.

Дипломдық жұмыс (жоба) жазуды қосымша кешенді емтихан тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.

15. ЖОО қорытынды аттестаттау өткізу нысанын дербес айқындайды.

ӘАОО-да қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау, кешенді емтихан және (немесе) «Дене шынықтыру» пәні бойынша емтихан дайындау және тапсыру нысанында не кешенді мемлекеттік емтихан, екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар және (немесе) «Дене шынықтыру» пәні бойынша емтихан тапсыру нысанында өткізіледі. 

ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары қарамағында ӘАОО бар мемлекеттік органдар бекітетін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларында айқындалады.

16. Қорытынды аттесттау мақсаты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеу аяқталғаннан кейін алынған білім нәтижелерін және негізгі құзыреттерді бағалау болып табылады.

17. Оқытудың қосымша түрлерін әскери дайындық және студенттің өзі анықтайтын оқудың басқа да түрлерін қамтиды.

ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлерін ӘАОО дербес анықтайды.

18. Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде немесе ақылы негізде жүзеге асырылады.

ӘАОО-ны қоспағанда, басқа қосымша оқыту түрлерін меңгеру ақылы негізде қамтамасыз етіледі.

19. Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.

Бұл ретте оқу пәндерінің 50%-ын оқыту (мемлекеттік немесе орыс) тілінде, 20%-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе мемлекеттік), 30%-ын ағылшын тілінде оқыту көзделеді.

Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Бұл ретте әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО дербес айқындайды.

20. Дуальды оқыту элементтерін енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.

Бұл ретте пәннің оқу материалының 40%-ына дейінін тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және тағы басқа) меңгерілуі тиіс екені көзделген.

21. ЖОО оқу бағдарламаларын (оқу жұмыс жоспары, жеке оқу бағдарламалары) және пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарлары (силлабустар) әзірленетін оқу нәтижелерін көрсететін МЖБС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. 

ӘАОО-ны қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.

22. Жоғары білімді кадрларды даярлау жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білімнің,  сондай-ақ екінші жоғары білім алған кезде – жоғары білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасының базасында «кіруде» жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бейінінің техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес келген жағдайда формальді білім берудің алдыңғы деңгейіндегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады және оқу мерзімі қысқартылады.

Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келмеген жағдайда оқыту жоғары білімнің толық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Оқыту нәтижелері сәйкес болған жағдайда пререквизиттер ретінде алдыңғы формальды білім деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білімнің оқыту нәтижелері қайта есептелуі мүмкін.

23. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін ЖОО оқытудың кредиттік технологиялары негізінде дербес жүзеге асырады.

24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні оның білім берудің тиісті саласына қатыстылығын, оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерін білдіреді және Жіктеуішке сәйкес анықталады:

1) «Педагогикалық ғалымдар» - педагогикалық жоғары білім;

2) «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» - жоғары өнертану немесе жоғары гуманитарлық білім;

3) «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім немесе PR саласындағы жоғары білім;

4) «Бизнес, басқару және құқық» - экономикалық білім немесе жоғары заңгерлік білім;

5) «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» - жоғары жаратылыстану білімі немесе жоғары математикалық білім;

6) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» - АКТ саласындағы жоғары білім;

7) «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» - жоғары инженерлік білім;

8) «Ауыл шауашылығы және биоресурстар» - жоғары ауылшаруашылық білім;

9) «Ветеринария» - жоғары ветеринарлық білім;

10) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» - жоғары медициналық білім;

11) «Қызмет көрсету» - қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;

12) «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» - ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары білім.

Білім беру салалары мен деңгейлері бойынша берілетін дәрежелердің атауы осы МЖБС-ға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.

 

 

3-тарау. Студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

 

25. Оқу жүктемесі оқу пәнін, модулін немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасын толық зерделеу үшін студентке талап етілетін және жоғары білімнің білім беру бағдарламасында белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

26. Оқу жүктемесі студенттің барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілімен жүргізілетін жұмыс.

27. Студенттің оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысандарын  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), аралық аттесттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын ескеру қажет.

ӘАОО-да курсанттың оқу жүктемесін анықтау кезінде ӘАОО дербес айқындайтын академиялық кезеңнің ұзақтығы негізге алынады.

28. Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте, студент бір семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

ӘАОО-да бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитті құрайды. Бұл ретте, білім алушы бір семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

29. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

30. Осы МЖБС-ның 27, 28-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Студенттің бір семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне рұқсат беріледі. Оқытудың нысандары мен технологиясына байланысты студенттердің жекелеген санаттары үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оны ЖОО дербес есептейді.

31. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай жоғары білім беруде оқудың аяқталғандығының негізгі өлшемшарты ретінде студенттің:

1) «Өнер», «Ветеринариялық медицина», «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» даярлау бағыты бойынша – кемінде 240 академиялық кредитті;

2) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» даярлау бағыты бойынша – 300 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

32. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы немесе жоғары білім беру бағдарламасы базасында немесе жалпы орта білім беру бағдарламасы базасында оқуға түскен студенттерге жылдамдатылған оқу мерзімімен жоғары білімнің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін академиялық кредиттер мен жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемін формальды білім беруде бұрын қол жеткізілген оқу нәтижелерін тануды ескере отырып, ЖОО дербес айқындайды.

33. ЖОО білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы                    № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

 

 

4-тарау. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

 

33. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетіледі.

Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де тұжырымдалады.

34. Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

4) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.

35. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «бакалавр» дәрежесі және (немесе) тиісті біліктілік беріледі және жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

36. ЖОО бітіруші түлекке дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплома саплэмент)) тегін береді.

 

 

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

 

37. Бакалавриатта оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттер көлемімен анықталады. Академиялық кредиттердің белгіленген көлемін меңгерген және бакалавриат дәрежесін алу үшін күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізген кезде жоғары білімнің білім беру бағдарламасы толығымен меңгерілген болып саналады.

38. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

1-қосымша

 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

(оқу мерзімі 4 жыл)

 

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық пәндер (БП) циклы

3360

112

1)

Жоғары оқу орны компоненті

180-1680

6-56

2)

Таңдау компоненті

кемінде 1680

кемінде 56

3

Бейіндеуші пәндер циклі

1800

60

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

1800

60

4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

 

1)

Таңдау компоненті

 

 

5

Қорытынды аттестаттау

360

12

1)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру

360

12

 

Барлығы

7200

240

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

2-қосымша

 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

(оқу мерзімі 5 жыл)

 

 

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммункациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық пәндер (БП) циклы

4260

142

1)

Жоғары оқу орны компоненті

180-2130

6-71

2)

Таңдау компоненті

кемінде 2130

   кемінде 71

3

Бейіндеуші пәндер циклы

2700

90

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

2700

90

4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

 

1)

Таңдау компоненті

 

 

5

Қорытынды аттестаттау

360

12

1)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру

360

12

 

Барлығы

9000

300

 

 

 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

3-қосымша

 

ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

(оқу мерзімі 4 жыл)

 

 

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

кемінде 1680

кемінде 56

1)

Міндетті компонент

кемінде 1530

кемінде 51

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті

150-ден кем емес

5-тен кем емес

2

Базалық пәндер (БП) циклы

кемінде 3360

кемінде 112

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

3

Бейіндеуші пәндер циклы

кемінде 1800

кемінде 60

1)

Жоғары оқу орны компоненті

 

 

4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

 

5

Қорытынды аттестаттау

360

12

 

Барлығы

7200-ден кем емес

240-тан кем емес

 

 

 

 

 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына

4-қосымша

 

Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы

 

р/н№

Білім беру саласының атауы

 

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт/ бейіндік) берілетін дәреже

Философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

 

1.

Педагогикалық ғылымдар

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі/ білім магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) /білім докторы

 

2.

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры

2. «білім беру бағдарламасының атауы және код» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

3. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы  бойынша өнертану ғылымдарының магистрі/ өнер магистрі

 

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі/ гуманитарлық білім магистрі

3. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрі/ тіл білімі магистрі

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/Өнер докторы

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

3. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

3.

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

 

 «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі/әлеуметтік білім магистрі

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

4.

Бизнес, басқару және құқық

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры немесе бизнес және басқару бакалавры

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі/ бизнес және басқару магистрі немесе МВА

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ экономика докторы немесе DВА

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/құқық докторы

5.

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі/жаратылыстану магистрі

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

6.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

7.

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

«білім беру бағдарламасының коды және атауы»  білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

8.

«Ауыл шауашылығы және биоресурстар»

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі/ауыл шаруашылығы магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

9.

«Ветеринария»

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария бакалавры

 

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары ветеринария ғылымдарының магистрі/ветеринария магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

10.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету бакалавры

 

1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі/ денсаулық сақтау магистрі

2. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/әлеуметтік қамтамасыз ету магистрі

 «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/медицина докторы

11.

Қызмет көрсету

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/ қызмет көрсету саласының магистрі

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

12.

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс  бакалавры

«білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

«білім беру бағдарламаларының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/әскери ісі және ұлттық қауіпсіздік докторы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне 17669 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 24.10.2018 18:37:56, положительный результат проверки ЭЦП

Генеральная прокуратура РК - Генеральной Прокурор Кайрат Пернешович Кожамжаров, 25.10.2018 12:28:43, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Министр Елжан Амантаевич Биртанов, 29.10.2018 16:00:36, положительный результат проверки ЭЦП

Комитет Национальной Безопасности РК - Председатель Карим Кажимканович Масимов, 31.10.2018 11:49:09, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство обороны РК - Министр обороны Нурлан Байузакович Ермекбаев, 25.10.2018 12:13:02, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство внутренних дел РК - Министр Калмуханбет Нурмуханбетович Касымов, 29.10.2018 12:43:14, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Вице-министр Берик Турсынбекович Бейсенгалиев, 26.10.2018 15:49:00, положительный результат проверки ЭЦП

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции - Председатель Алик Жаткамбаевич Шпекбаев, 25.10.2018 16:00:24, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство культуры и спорта РК - Вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан Ерлан Токтарханович Кожагапанов, 25.10.2018 18:32:51, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство образования и науки РК - Министр Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев, 31.10.2018 18:02:01, положительный результат проверки ЭЦП