Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды

20.01.20

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті профессор-оқытушы құрамының 58 бос қызмет орнына конкурс жариялайды:
     1. Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына: 
-    “Физика” кафедрасы: физика мамандығы  –  2 бірлік.
-    “Математика” кафедрасы: математика мамандығы –  1 бірлік.
-    “Информатика” кафедрасы: информатика мамандығы –  4 бірлік.
-    “Биология” кафедрасы: биология мамандығы –   3 бірлік.
-     “Химия” кафедрасы: химия мамандығы –  2 бірлік.
-    “География” кафедрасы: география мамандығы – 1 бірлік, құқықтану мамандығы – 1 бірлік. 
-    “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы: орыс тілі мен әдебиеті мамандығы – 2 бірлік.
-    “Ағылшын тілі” кафедрасы: ағылшын тілі мамандығы – 4 бірлік. 
-     “Шетел тілдері” кафедрасы: ағылшын тілі мамандығы  – 2 бірлік. 
-    “Мектепке дейінгі және арнайы педагогика” кафедрасы: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, арнайы педагогика мамандығы – 4 бірлік.
-    “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы: математика мамандығы  – 1 бірлік, орыс тілі мамандығы – 1 бірлік, педагогика мамандығы  (орыс тілінде) -1 бірлік.
-     “Педагогика” кафедрасы: педагогика мамандығы (орыс тілінде) – 2 бірлік.
-    “Психология” кафедрасы: педагогика және психология мамандығы – 1 бірлік.
-    “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: философия мамандығы (қазақ және орыс тілдерінде) – 2 бірлік.
-    “Кәсіптік білім және бейнелеу өнері” кафедрасы: дизайн мамандығы – 1 бірлік, бейнелеу өнері және сызу мамандығы – 1 бірлік, кәсіптік оқыту – 1 бірлік.
     2.  Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) немесе Еңбек сіңірген жаттықтырушы спорттық атағы бар профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
        - “Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық” кафедрасы: дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық мамандығы – 4 бірлік. 
        -“Дене шынықтыру” кафедрасы: дене шынықтыру мамандығы – 2 бірлік. 
    3.  Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) немесе ҚР құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
        - “Музыкалық білім” кафедрасы: музыкалық білім – 2 бірлік.
    4. IELTS немесе халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар магистр оқытушының бос қызмет орнына:  
        - “Биология” кафедрасы: биология мамандығы – 2 бірлік.
        - “Химия” кафедрасы: химия мамандығы –  1 бірлік.
        - “Ағылшын тілі” кафедрасы: ағылшын тілі мамандығы – 3 бірлік. 
        - “Шетел тілдері” кафедрасы: ағылшын тілі мамандығы  – 3 бірлік. 
     5. Магистр және аға оқытушының бос қызмет орнына:  
        - “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: философия  мамандығы – 1 бірлік.
        - “Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық” кафедрасы: дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық мамандығы – 3 бірлік. 
Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі бар және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде аға оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы тиіс.
Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі бар немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес оқытушы.
Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс
Жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология мамандықтарының профессор-оқытушы құрамына IELTS сертификаттары немесе халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар, ағылшын тілінде кемінде Upper intermediate деңгейінде білуі тиіс.    
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
          Мекен-жайымыз: 160012, Шымкент қ., Байтұрсынов көш.,13, 120- кабинет. Тел.: 30-14-59 (кадр бөлімі).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.    Ректордың атына өтініш (еркін нысанда);
2.    Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
3.    Өмірбаян;
4.    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
5.    Соңғы 4 жылдағы (міндетті түрде) біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған жағдайда) туралы сертификаттардың көшірмелері, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттың болуы артықшылық болып табылады (соңғы 2 жылда); 
6.    Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
7.    ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086 нысан бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген));
8.    Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
9.    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
10.    №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
11.    Фото 3*4 – 1 дана, файлдық папка.