Білім алушыларға арналған ескертпе

Білім алушылардың міндетті:
  1. тестілеудің алдында осы ескертпемен танысу;
  2. компьютерлік сыныптарда ішкі тестілеу тәртібінің ережелерін сақтау;
  3. компьютерлік сынып кезекшілерінің талаптарын орындау;
  4. университет қызметкерлері мен білім алушыларына өзара құрмет, сыпайылық қағидаларын басшылыққа алуға.
 
Білім алушыларға тыйым салынады:
  1. Ұялы телефондарды, құлаққаптарды және ақпаратты сақтаудың, қабылдаудың және берудің басқа да жеке құралдарын пайдалануға;
  2. Мобильді құрылғылары көмегімен SMS, MMS, электронды хабарламаларға қоңырау шалу немесе жіберу / алу;
  3. Интернет желісінен тапсырмаларға жауап іздеу;
  4. Экраннан тест тапсырмаларын суретке түсіру;
  5. Тест тапсырмаларын тасымалдаушы құрылғыларға көшіру немесе электронды пошта арқылы жіберу;
  6. Тест барысында орындарды ауыстыру, бір-бірімен сөйлесу және тест тапсырмаларын орындау үшін басқа тұлғалардың көмегіне жүгіну;
  7. «сұрақ мәтіні – жауап мәтіні» немесе «сұрақ мәтіні – жауап нөмірі» түрінде ақпараттың қағаз немесе электрондық көздерін пайдалану;
  8. Компьютерді тоқ көзінен ажырату немесе қосу, сыртқы құрылғылар кабельдерін шығару және қосу;
  9. Монитор және жүйелі блокты орнынан қозғау;
  10. Пернетақта және компьютер үстеліне сөмке, портфель, тамақ, сусындарды және т.б. қоюға;
  11. Компьютер сыныптарында сыртқы киімдермен отыруға.
 
Ескерту: 1-7 тармақтарда айтылған ережелерді бұзған білім алушыға «Тест формасында өткізілетін  межелік бақылау мен емтихан  тапсыру барысында Ереже талаптарын бұзғандығы туралы Акт» толтырылып бағасы жойылады.