Компьютерлік тестілеу емтихандарын және межелік бақылауларды өткізуге жауапты комиссия мүшелері мен кезекшілердің міндеттері

Емтихан кезіндегі кезекшілердің міндеттері:
1. Емтиханға білім алушыны жеке куəлігімен, студенттік кітапшасымен кіргізуге;
2. Компьютерлік  тестілеу  емтиханында  білім  алушының  емтиханды  талапқа  сай  
тапсырып, əділ баға алуына;
3.Білім алушының студенттік билеті, жеке басын куәландыратын құжаты күмәнді болған жағдайда емтихан комиссиясына хабарлауға;
4. Компьютерлік тестілеу емтихандары кезінде өзіне бекітілген дəрісханада емтиханның  
талапқа сай өткізілуіне;  
5. Дұрыс  жауабы  жоқ, қойылымы  дұрыс  емес  тестілеу  сұрақтары  кездескен  жағдайда
білім алушыға  оларды  қағазға  жазып  алуға  мүмкіндік  беруге;  
6. Жоғарыдағы жағдайда емтихан атауын, қате сұрақты анықтаған білім алушының  аты- 
жөнін, оқу тобын жазып алуға;
7.Тестілеу  емтихандары  кезінде  дəрісханаға  тест орталығының қызметкерлері мен емтихан  комиссиясынан  өзге  тұлғалардың  кірмеуін қамтамасыз етуге;  
8.Білім  алушыларға  анықтамалықтар,  шпаргалкалар  жəне  ұялы  байланыс құралдарын   емтиханға алып кірмеуін ескертуге жəне оны қатаң түрде бақылауға;  
9. Тестілеу кезінде  анықтамалықтар, шпаргалкалар, ұялы  телефон, т.б. заттарды қолданған білім алушыны емтихан комиссиясына ескертіп, тәртіп бұзылғандығы жөнінде акт түзіп, білім алушыны аудиториядан шығаруға;
10.Тест тапсырған əрбір білім алушының жинаған ұпайын, бағасын, уақытын арнайы  
журналға тіркеп, білім алушы мен кезекші өз қолын қоюға;  
11. Тестілеу кезінде дəрісхананы рұқсатсыз тастап кетпеуге;   
12. Тестілеу  емтиханына  кіретін  білім  алушының  орнына  басқа  білім  алушы  кірген  
жағдайда  екі  білім  алушыға  да «Тест формасында өткізілетін  межелік бақылау мен емтихан  тапсыру барысында Ереже талаптарын бұзғандығы туралы Акт» толтыруға;
13. Егер  кезекші  білім алушылардың жеке басын куəландыратын құжатындағы суретіне 
ұқыпты  қарамағандығы анықталса, онда оған тиісті əкімшілік шара қолданылады.
14. Емтихан  кезінде  кезекші білім алушыға шпаргалка, ұялы  телефон, т.б. заттарды қолдануға мүмкіндік берсе және тиісті деңгейде қарамағандығы анықталса, онда оған əкімшілік шара қолданылады.
 
                              Емтихан комиссиясы мүшелерінің  міндеттері:  
1. Тестілеу кезінде комиссия  мүшесі  компьютерлік тестілеудің талапқа сай ұйымдастырылып, өткізілуін  бақылау (емтихан  алдында компьютерлік   техникалардың,  желілердің, тестілеу программасының ақаусыз жұмыс істеуі, компьютерлік дəрісханалардың емтиханға  даярлығын);
2. Тест  барысында туындаған  келеңсіз  мəселелерді  (тестілеу  кезінде  
анықтамалықтар,  шпаргалкалар,  ұялы  телефон  қолданған  білім  алушыларды  актімен  емтиханнан  шығару,  өз  жауапкершіліктерін  талапқа  сай  атқармаған  кезекшілерге
тиісті  əкімшілік шара қолдану) қарап, оң шешу;  
3. Тест тапсыру  барысында  ауырып,  мазасызданған  білім алушыларды тесттен босату жəне ауырғандығын растау;  
4. Университет  факультеттерінің  профессор-оқытушылары  құрамынан  тағайындалған  
кезекшілердің талапқа сай кезекшілік етуін қадағалау;  
5. Дұрыс  жауабы  жоқ, қойылымы  қате сұрақтар бойынша білім алушылардың апелляциялық арыздарын қарау;  
6. Қажет  болған  жағдайда  тестілеу  сұрақтарын  құрастырған  профессор-оқытушыдан,  
кафедра  меңгерушісінен  тестілеу  сұрақтарының  талқыланғандығы  жайлы  кафедра  
мəжілісінің хаттамасын талап ету;
7. Тестілеу  сұрақтары  қате  құрастырылған  жағдайда  жауапты  профессор-оқытушыдан  түсініктеме  алу  жəне  апелляциялық  арыздың негізінде  хаттама дайындап мəселені білім алушының пайдасына шешу және оқу және оқу-әдістемелік  істер жөніндегі проректорға жазбаша ақпарат беру.