Орталық жұмысының негізгі мақсаты

- Университеттің  сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
- Барлық құжаттардың сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
- «Univer» бағдарламасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Білім алушылардың ағымдық және межелік бақылау тапсыратын пәндерден дайындалатын тест сұрақтарының кредит санына және тест тапсырмаларының мазмұнының  маман дайындау моделінің құзыреттілік талаптарына сәйкес келуін талап ету, қадағалау;
- Кредиттік оқыту жүйесі бойынша білімді бағалауды оқу процесінің кестесіне сай ұйымдастырып өткізу;
- «Univer» бағдарламасының мүмкіндігіне қарай орталық жұмысын жетілдіріп отыру;
- Тест формасында өтетін межелік бақылау мен емтиханды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;
- Тест тапсырмаларының уақытылы өткізілуін қадағалау, қабылдау;
- Сессия кезінде оқытушы-профессорлар құрамынан құрылған комиссия, кезекшілік жұмыстарының жоғары деңгейде, жауапкершілікпен өткізуді талап ету;
- Білім алушылардың межелік бақылаулар мен емтихандарға бекітілген кестеге сай кешікпей  келуі мен қажетті құжаттарының болуын қадағалау, талап ету;
- Білім алушылардың Тест орталығында сессия кезінде сырт көрініс, мінез-құлық мәдениеттерінің жоғары деңгейде болуын қадағалау, бақылау, талап ету;
- Компьютерлік сыныптарда  тәртіптіліктің жоғары деңгейде болуын және университет  мүлкі мен техникалық құралдардың бүтіндігін қадағалау;
- Техникалық құралдар кешенінің мақсатты түрде пайдалануын бақылау, талап ету.
 
Білім алушылар мен ата-аналар үшін жеке логин-парольдері арқылы  үлгерімнің жай-күйі мен  деңгейлері  жайлы мәліметтер алып отыруға мүмкіншілік, жағдай жасалған.