Оқу әдістемелік жұмыстар

Кафедра ОПҚ – ның елеулі жетістіктері:

ф-м.ғ.к Д.Т.Бердалиев ҚР Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтен рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім берe саласына қосқан үлесі үшін “Құрмет” грамотасымен марапатталды.

2017 жылы ф-м.ғ.к Рамазанова С.А. ҚР Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтен “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталды; 

п.ғ.к Бердалиева Т.Д ҚР Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтен ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталды;

2019 жылы жоба орындаушы ретінде кафедра меңгерушісі Уалиханова Б.С. тіркеу нөмірі 0188-18-ГК “АО Фонд Науки” қолдауымен 298000000 теңге көлеміндегі “ Издание дополнительной литературы на латинице для студентов вузов, обучающихся на казахском языке” тақырыбында ғылыми жобаның орындаушысы ретінде грант ұтып алды. Ғылыми жоба жетекшісі: Джунусбаев Серик Мутанович.

Кафедра аға оқытушысы Абдукадиров Б.З ОҚО Жастар ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен өткен үздік жастар сыйлығы байқауында “Үздік Жас Ғалым” номинациясын жеңіп алды.

Кафедраның барлық мамандықтарының пәндері бойынша оқу әдістемелік кешендер жасалған. Электронды базасы құрылған.  

Профессор-оқытушылар оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін (конференция формасындағы сабақтар, компьютерлік тестілеу, бейнефильмдер, ұйымдастырушылық - іс-әрекеттік ойындар, компьютерлік бағдарламалар) қолданады.

Кафедра жұмыс берушілермен белсенді жұмыстар жүргізеді. МАК мүшелігіне, диплом жұмыстарын қорғауға  қатысуға шақырылады, сарапшылар құрамына енгізіледі және т.б.

Кафедрада өтілетін барлық пәндер бойынша   5В010900- Математика   және  5В011000- Физика мамандығының оқу жоспарлары, силлабустар, ОӘК электрондық нұсқалары жасалынған. Барлық пәндер бойынша сабақтар жұмыс жоспарына және физика-математика факультетінің оқу жоспарларына сәйкес өткізіледі.

Оқу-әдістемелік құралдарды шығару кафедра жоспарына сәйкес орындалуда және ол жұмыстардың сапалылығы мен қажеттілігі кафедра мәжілісі, факультет, институттың әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітіледі.

2015-2016 оқу жылының күзгі семестрінде жоспарға сәйкес п.ғ.д,. профессор Рахымбек Д. «Алгебралық және геометриялық өрнектерді түрлендіру» және «Планиметрияны оқыту әдістемесі» электронды оқу құралдары шықты. А. Байжұманов  пен Б. Оразовтың  «Графтар, құпиялау және алгоритмдар теориясы» және   Қ Абдрахмановтың «Геометрия 1» оқу-әдістемелік құралдары шықты.

2012-2015 жж. аралығында шығарылған кафедраның ОӘӘ саны

Оқу жылы

Түрі

Жалпы саны

Баспа табақ

1 ОПҚ  б.т.

2011-2012

Оқу құралы

8

83

4,7

Оқу-әдістемелік құрал

10

25

1,4

                              Жалпы саны

18

108

6,1

2012-2013

Оқу құралы

11

96

5,3

Оқу-әдістемелік құрал

4

18

1

                              Жалпы саны

15

114

6,3

2013-2014

Оқу құралы

4

27

1,5

Оқу-әдістемелік құрал

10

18

1

                               Жалпы саны

14

45

2,5

2014-2015

Оқу құралы

2

18

1,1

Оқу-әдістемелік құрал

8

54

3,2

                  Жалпы саны

    10                    

72

4,3

            

  

Кафедра оқытушы-профессорларының біліктілігін арттыру институттың біліктілік арттыру жоспарына сәйкес орындалуда.

2015-2016 оқу жылында Физика-математика кафедрасының аға оқытушысы, ф-м.ғ.к. Бердалиев Д.Т. Испанияда Валенсия қаласында, Валенсия Политехникалық Университетінде 45 сағаттық (4,5 кредит) біліктілікті арттыру курсын бітіріп, сертификат алды. Сонымен қатар, кафедра оқытушысы  Садық Б. Шымент қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында «Қазіргі заманғы мектептегі роботехника және радиоспорт» атты республикалық оқу семинарына қатысып, сертификат алды. Мәлімет  төмендегі кестеде келтірілген.    

Өткен жылы

ОПҚ саны

ФАЖ

Өткен орны

2014 г.

2

Бердалиев Д.Т.

 “КРБ ж ҒМ, Болон және академиялық ұтқырлық орталығы”, Астана

Ниязымбетов А.Д.

“Өрлеу” , Алматы

2015 г.

7

Бердалиев Д.Т.

Валенсия Политехникалық Университеті, Испания; сертификат

Садык Б.

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында «Қазіргі заманғы мектептегі роботехника және радиоспорт» атты республикалық оқу семинары, сертификат. Шымент.

Абдуллаева Ж.

“Өрлеу” , Алматы

Абдукадиров Б.

1. Үздіксіз білім беру институты, Туркестан

2 Валенсия Политехникалық Университеті, Испания; сертификат

3. “Өрлеу” , Алматы

Рахашев Б.К.

“Өрлеу” , Алматы

Джаманкараева М.А.

Валенсия Политехникалық Университеті, Испания; сертификат

  

Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мұғалімнің шығармашыл тұлға болып қалыптасуының құрамдық бөлігі болып табылады. «Математика»  және «Физика» мамандығының оқу бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес іс тәжірибелер өткізіледі.

   

Педагогикалық іс-тәжірибеның нәтижелері

  

  

  

   

17.01.2017ж. күні  физика-математика кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша келген визитинг-профессорлармен бірлесе отырып олардың оқу орындарымен, білім беру жүйелерімен және атқарып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу мақсатында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда визитинг-профессор Польша, Радом Экономика Академиясының профессоры п.ғ.д., Антони Пардала және   Португалия, Лиссабон Нуэва университетінің PhD Андрий Любчик баяндама жасады.  Семинарда көтерілген мәселелер бойынша  үш елдің өкілдері ойларын ортаға салу арқылы тәжірибе алмасу орын алды.

  Академиялық ұтқырлықтың арқасында біздің студенттеріміз өз елінде отырып шетелдік профессорлардан дәріс алуда. Бұл, әрине, Болон үдерісі арқылы қол жеткізіп отырған үлкен жетістік, яғни академиялық ұтқырлық болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық бағыттардың бірі ретінде өз нәтижесін көрсетуде.

«Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» академиялық ұтқырлық шеңберінде: Радом Экономика Академиясы, Польша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан 2017 жылдың 23 қаңтар -18 ақпан күндері аралығында Польша, Радом Экономика Академиясының  профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Антони Пардала академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика  кафедрасына келді.

«Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» пәні бойынша «Математика» мамандығының 2 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Сондай-ақ, профессор Антони Пардала жетекшілігімен «ХХІ ғасырдағы түрлі елдердің мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып математика және математикалық білімі: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму болашағы» тақырыбында институттың профессорлар-оқытушылары, ғылыми зерттеушілері және студенттері үшін ғылыми семинар өтті. Семинарда білімді ақпараттандырудың және математика пәнінің мұғалімдерін даярлаудың заманауи мәселелері, сонымен қатар болашақ мұғалімдер даярлығын жетілдіру мәселелері  талқыланды. Семинарға Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты.

 

 

Сонымен қатар, қаңтар айының 27-ші жұлдызында профессор Антони Пардала институттың ғылыми семинарына қатысып, «ХХІ ғасырдағы оқушылар мен студенттердің тек қана математикалық білімінің  проблемалары емес: қазіргі жағдайдағы пәнаралық көзқарасы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

 

 

Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Математика» мамандығының студенттерімен өткізілген сабақтар, физика-математика кафедрасының және басқа да кафедралардың профессор-оқытушылары және қызметкерлерімен жүргізілген ғылыми кеңестер, әңгімелесулер, пікір алмасулар алған білім, біліктерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етуге болатынын толық сеніммен айтуға болады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында осындай академиялық ұтқырлық шеңберінде профессор-оқытушылар арасында тәжірибе алмасу оң нәтиже береді деп санаймыз.