Әкімшілік

Жаратылыстану факультетінің деканы қызметін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Г.Б. Алпамысова атқарады. 1989-1994 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Химия-биология мамандығы бойынша бітіріп, 1994 жылдан 1996 жылға дейін осы институттың оқытушысы,  кейін Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің оқу бөлімінің бастығы, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің оқу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2011-2014 жылдар аралығында Биология кафедрасының меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Жаратылыстану жоғары мектебінің директор орынбасары, 2015-2016 оқу жылында География кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Осы жылдар аралығында ғылым жолында ізденуші болып жұмыс жасап, 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазіргі уақытта «Дражжирование семян кормовых культур» гранттық ғылыми жобасы бойынша жұмыс жасауда.