Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?

11.11.19

"Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?" тақырыбында өткен пікірсайыс байқауында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Бейбіт Аян мен Аптықай Аян II орынды иемденді. Сайысты Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша "Ғаламат" қоғамдық бірлестігі өткізді. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті және "Шымкент адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қолдау білдірді.