Утебаев Мусиралы Смаилович

Утебаев Мусирали Смаилович

      (ҚР Қаржы мониторингі комитетінің басшысы). 1950 жылы 1 қаңтарда дүниеге келдім. Үйленгенмін, бес балам бар.. Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім. Білімім: жоғары-экономикалық.

      КСРО ОО есептеу орталықтары мен экономикалық ақпарат жүйелерін жобалау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірдім. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын бітіріп, докторлық диссертациясын қорғадым. 1971-1988 жылдары - аға инженер, бастықтың орынбасары, облыстық өндірістік-техникалық бірлестігінің Ақпараттық-есептеу қызметін көрсету жөніндегі бастығы. 1988-1991 жылдары-облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

- Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

-  Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары.

-  Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

-  Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі.

-  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

-  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаты және төрағасы.

- 2008-қазіргі уақытқа дейін-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

     "Құрмет Белгісі" орденімен (1991), "Парасат" орденімен (2003), ТМД ПАА Құрмет грамотасымен (2007) және 5 медальмен марапатталған.