Шетел студенттерін бейімдеу орталығы

НАРАЛИЕВА ШАХЛО ЖАМАЛОВНА

Шетел студенттерін бейімдеу орталығының директоры

Филолог, өзбек тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы төрағасының білім саласы бойынша орынбасары

«Бірлік» алтын медалі иегері

 

Шетел студенттерін бейімдеу орталығы 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап өз қызметін жүзеге асырады.

Шетел студенттерін бейімдеу орталығы әлеуметтік және тәрбие істер жөніндегі проректорға бағынады.

Шетел студенттерін бейімдеу орталығының штатын университет ректоры бекітеді.

Шетел студенттерін бейімдеу орталығы өз қызметін әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректормен бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жұмыс жасайды.

Орталық өз қызметінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Тіл туралы»  Заңдарын,  университеттің Ғылыми кеңесі шешімдерін, университет басшылығының ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарын, университет Жарғысын, университет ректорының актілеріне, жарғысына, ішкі тәртіп, жатақханада тұру ережелерін; университет тәрбие жұмысы жоспарларына және осы ережені басшылыққа алады.

Шетел студенттерін бейімдеу орталығының жұмысы жоғары оқу орнының шетел студенттеріне бағытталады.

 

 Шетел студенттерін бейімдеу орталығының негізгі міндеттері:

  • ОҚМПУ сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;
  • университеттің шетел студенттерінің әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету;
  • шетел студент жастарының құқығын қорғау;
  • тәрбие жұмыстары бойынша жылдық жоспарда белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру;

 Шетелге мамандарды даярлау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда қатысу;  ОҚМПУ-да білім алғысы келетін шетел азаматтарының контингенті тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

 

  Қызметтерi

Оқуға келетін шетелдіктердің жатақханаларында орналасу және тұруға байланысты жұмыстарды үйлестіреді.

Нострификацияға арналған құжаттар пакетін жинауға көмектеседі.

Шетелдік студент жастармен дөңгелек үстелдер, тәрбиелік-тәжірибелік конференциялар, пікір-сайыстар ұйымдастырады.

Шетел студенттеріне байланысты шиеленісті және жанжалды жағдайларды шешеді; келіссөздер жүргізеді, әріптестермен бірлескен жұмыс жасайды.

  Шетел студент жастары арасында салауатты өмір салтын калыптастыруға арналған, ұлтаралық татулықты насихаттайтын, діни төзімділікке шақыратын, Отансүйгіштікке тәрбиелейтін әдеби кештер, кездесулер өткізеді.

  Шетел студенттерінің ұсынысы бойынша табиғат аясында түрлі мәдени демалыстар, экскурсиялар ұйымдастырады.

  Университеттегі белсенді шетел студенттерімен жұмыс жасайды.

  Шетел студенттерге қатысты мәселелер бойынша факультет декандары, жастар саясаты, мәдениет бөлімдерімен бірлескен жұмыс жасайды.

  Шетел студенттерінің паспорттық-визалық тіркеу жұмыстарын үйлестіреді.

 

Қазірде орталыққа қарасты студенттер – күндізгі бөлімде – 867,  кешкі бөлімде - 14, қашықтықтан оқытуды үйлестіру бөлімінде – 668, жалпы  1549 студент білім алуда.

Орталық жанында дарынды, белсенді жастардан тұратын «Достық шеңбері» ұйымы құрылған.