Тарихы

 

 

 

 ОҚМПУ заман талабына сай Ел президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 2017 жылғы жолдауындағы ел алдындағы болашақ стратегиялық жоспарларды іске асыру мақсатында түрлі деңгейдегі іс-     шараларды жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда ауқымды, болашақ үшін аса маңызды жұмыстар атқарылды.

 Келешекте университетті халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында шетелдік университеттерімен тығыз байланыстар орнатып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оқу ордасы жақын болашақта автономиялы білім беру мекемесіне   айналуды өзінің басты мақсаты етіп қойды.

 Сол мақсатты жүзеге асырудың алғашқы іс-шараларының бірі ретінде Назарбаев университеті моделі негізінде институттың дербестігін кеңейту үшін ішкі құрылымдық өзгерістер жасалды.

  Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңес шешімімен және институт ректорының институт құрылымына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 04 қыркүйегіндегі №4-74 бұйрығы негізінде   «Жаратылыстану» факультеті болып құрылды. Факультеттің деканы қызметін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы атқаруда.

  Қазіргі уақытта  «Жаратылыстану» факультетінде 3 кафедра жұмыс жасайды. Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 45, оның ішінде ғылым докторлары мен академик, профессорлары – 4, ғылым   кандидаттары мен доценттер – 23, PhD – 3, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны – 18. Жаратылыстану факультетінде дәріс жүргізетін оқытушы профессорлардың кадрлық әлеуеті- 54,3 пайыз.

 

«Жаратылыстану» факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярлайды:

1.5В011200-«Химия»

2.5В011300-«Биология»

3.5В011500-«Құқық және экономика негіздері»

4.5В011600-«География»

5.5В012500-«Химия-Биология»

6.5В012900-«География-Тарих»

7.5В060700-«Биология»