Ғылыми басқосу            

20.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.Н. Подушкин  Ресей археология  академиясының 100 жылдығы және  археолог Вадим Массонның 90-ға толған мерейтойы мен археолог Вадим Бочкаревтың 80 жасына орай  "Ежелгі Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің  еуразиялық мәдениет кеңістігіндегі  байланысы мен ықпалы" тақырыбындағы конференцияға қатысты.  Ғылыми басқосу  Санкт-Петербург қаласындағы  Мемлекеттік Эрмитаж  бен Ресей Ғылым академиясы материалдық мәдениет тарихы институтында өтті. Профессор А.Н. Подушкин конференцияда  "Археологиялық, палеолингвистикалық және нумизматтық жаңа деректер негізіндегі Қаңлы мемлекеті" тақырыбында баяндама жасады. А.Н. Подушкин  халықаралық конференцияға Қазақстан атынан жеке дара қатысқанын айта кету керек.