Тәуелсіздік-теңдігім, егемендік-ерлігім 

18.12.19

Еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті "Тәуелсіздік-теңдігім, егемендік-ерлігім"  деген тақырыпта мерекелік концерт ұйымдастырды.  Университет өнерпаздары  Нұркерім Нұрлан, Ұлбике Мұзаппар, Айнұр Ағабаева, Жания Ахмет, Жансая Жәдігер және Темірлан Стамқұлов сахнада "Тәуелсіздік" әнін қосыла шырқады. Ал филология факультетінің студеттері Отан, Туған жер, Атамекен  туралы өлеңдер оқыды, кең байтақ қазақ сахарасын жырға қосты.  Елдігіміздің айбарлы, теңдігіміздің  тұғырлы  мерекесімен білім ордасының ұстаздарын және студенттерін ректор Анар Қайырбекова құттықтады.  Жұмыста белсенділік танытқан  мұғалімдердің бірқатары Алғыс хатпен марапатталды.