Менің Туым, менің Отаным!

13.12.19

13 қазан күні Алматыда «НұрОтан» партиясының бастамасымен «Менің Туым, менің Отаным!» акциясы басталған болатын. Қазіргі таңда елімізде Мемлекеттік туды насихаттау,  дәріптеу акциясы өтіп жатыр.

Бұл шара  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жалғасуда.

Тәуелсіздік мерекесіне орай  өтіп жатқан жиынға «НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нарымбетов Бахадыр Мәделіұлы қатысты.