Ғылыми жұмыстар

Биология кафедрасында 2016-2017 жылдары  екі ғылыми-зерттеу жұмыстың жобалары жоспарланып, тәжірибелік және әдебиетке шолу жұмыстары басталды:

1) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 07.02.2017 - 23.02.2017ж. аралығында Португалияның  Лиссабон қаласындағы   «Nova» университетінен PhD-докторы, профессор  С.Б.Любчик шақырылып 5В011300-Биология мамандығының студенттерге дәріс оқыды,  «Подготовка и пути реализации научных проектов» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді.   Мамандық студенттерімен «Зеленая химия (Устойчивое развитие)» тақырыбында экологиялық  бағытта дөңгелек үстел жүргізді.

2)Бір қатар кафедра мүшелері ғылыми жобалар дайындап, 2018-2020 жылдарына арналған сайысқа қатысты (Конкурс на програмно-целевое финансирование по научным, научно-техническим программам на 2018-2020 годы). Жоба жетекшілері: доцент Х.М.Сартаева, доцент Г.З.Туребекова, доцент М.У.Сарсембаева.

Сонымен бірге, 2016-2017 жылдары  техн.ғ.к. Ғ.И.Исаев; а/ш.ғ.к. Г.Б.Алпамысова; а/ш.ғ.к., доцент м.а. Халикова Г.Т.  бірлесіп, «Методика преподавания биологии в профессиональном развитии будущего учителя: традиции и новаторство, современные педагогические методики, технологии ХХІ века» тақырыбындағы ғылыми жобаны ұтып алып, ғылыми-зерттеу жұмысын  жүргізіп келеді (№14 Е тіркеме). Зерттеулер нәтижесі бойынша «Биологияны оқыту әдістемесі» атты оқулықты «Әлем» баспасында, 480 бет көлемінде, 500 тиражда, бірнеше мақала жарияланды.

3)Кафедра доценті  Туребекова Г.З.   Германия мемлекетінің Ганновер қаласында 2-6 желтоқсан 2017 жылы өткен өткен "Euro-eco-2017» атты  Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысып, «Use of medicinal plants for obtaining biologically active compounds» және «Problems of waste disposal oil production (sulfur and paraffins) in Kazakhastan» тақырыптарында екі ғылыми баяндама жасады.  

Сонымен қатар, 2-12 желтоқсан 2017 жылы  "Euro-eco-2017: Environmental. engineering and legal aspects for sustainable living" тақырыбындағы  жаратылыстану ғылымдарының Европалық академиясында біліктілік көтеру бойынша Ганновер қаласында ғылыми тағылымнамадан (стажировка) өтіп, сертификатқа иеленді. 

Ғылыми конференцияларға тікелей қатысу мақсатында,  доцент Г.З.Туребекова Беларусь Республикасы  Минск қаласында 2017 жылдың 1-19 мамыр аралығында өткен  «Sakharov readings 2017»: Environmental problems of the 21 century тақырыбындағы конференцияға қатысып, екі тақырыпта баяндама жасады.

4)ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы аясында 2017 жылының қараша-желтоқсан айларында:

а)Ұлы Британия маманы Джулия Каллиникоудың ағылшын тілінде өткізген «Modern approachers to assessment of the learners achievements»  тақырыбы бойынша 40 сағаттық семинарына кафедра доценті Э.Б.Жаппарбергенова қатысып, сертификатқа иеленді;

б)РИПКСО маманы М.Ғалымжанова өткізген «Орта білім беру жүйесінің мазмұнының жаңартылуы» тақырыбы бойынша 20 сағаттық семинарына кафедра магистрі А.Н.Адилбекова қатысып, сертификатқа иеленді;

в) «Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың заманауи әдістері (критериалды оқу процесін бағалау және жоспарлау)»    тақырыбы бойынша 40 сағаттық семинарына кафедра магистрі А.Б.Алпамысова қатысып, сертификатқа иеленді;

5)Кафедрадан 5 оқытушы ағылшын тілін дамыту мақсатында Алматы қаласында аль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-де педагогикалық кадрларды жеделдетілген тілдік даярлау үшін ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсынан  маусым 2017 жыл өтті (сертификаттар).

6)Отандық ЖОО-мен студенттер алмасып Абай атындағы ҚазҰПУ-не 2-курс 113-25 тобының студенті Орынбай Гулжазира,  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 3-курс 113-24, 113-34 тобының студенттері Ерментай Ақмаржан, Нұрмағанбетова Ұлболсын оқуға жіберілді.

7)«Биологияны оқытудың инновациялық әдістері атты» ғылыми секцияның жұмысы атқарылуда, кафедра студенттердің кәсіби құзыреттілігн қалыптастыру мақсатында N7 К.Сыпатаев атындағы мектеп лицейде келісім шарт негізінде орталық ашты, сонымен қатар кафедраның доценті Э.Б.Жаппарбергенова №2 Дарынды балаларға арналған мамандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатымен ғылыми серіктестік туралы келісім шарт бойынша жетекшілік жұмыстарын атқаруда (келісім-шарттардың көшірмелері кафедрада тіркелген).

8)Мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде студенттердің құзыреттілігін арттыру үшін мектеппен байланысты жүзеге асырып, жұмыс берушілермен бірлесе  отырып «Биология» кафедрасы мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында №7 К. Спатаев атындағы мектеп- лицейде және Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда келісім шарт негізінде (01.03.2017 ж.)  кафедра филиалдары құрылды.

9)Өндірістік базалармен ынтымақтастықты нығайту  үшін «Шымкент қалалық зоологияғы» МКҚК-мен саябағымен (09.03.2017ж.),  «Шымкент қалалық  дендрологиялық саябағы» МКҚК-мен (09.03.2017ж.),   ОҚО Білім басқармасының «Экологиялық орталықпен»   бірлескен келісім-шарттар түзіліп (09.03.2017ж.), жұмыстар.

 

Биология кафедрасының  ПОҚ мен визитинг-профессор Св. Любчик

Португалия мемлекеті Лиссабон қаласы Нова университетінен шақырылған визитинг-профессор Св. Любчик ғылыми –әдістемелік семинар өткізуде