Жетістіктер

Биология кафедрасының жетістіктері

         

      Биология кафедрасының  жоғарғы деңгейлі профессор-оқытушылар құрамы:

-1 ҚР ҰҒА академигі;

-1 ғылым докторы, профессор;

-11 ғылым кандидаттары мен доценттер;

-10 магистр- оқытушылар бар.

Кафедрамыздың:

  • «ЖОО- ның үздік оқытушысы» кәліктерімен және төсбелгілерімен профессор Халила Ә.Н., доцент Сартаева Х.М., доцент Байсеитова Н.М., доцент Туребекова Г.З.;
  • ҚР Президентінің «Болашақ» степендиясының иегері доцент Туребекова Г.З.;
  • Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін 'Жылдың үздік ұстазы' төсбелгісімен а/ш.ғ.к. Алпамысова Г.Б.;
  • «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен а/ш.ғ.к. доцент м.а. Халикова Г.С.марапатталды.

Биология кафедрасының ұстаздары белгілі шетел оқу орындарының семинар-тренингтеріне және біліктілікті көтеру курстарына қатысып қайтты:

  • Н.М.Байсеитова Гази және Кырыккале (Анкара қ.Түркия); университеттерінде болып қайтты;
  • 2014 жылы биология магистрі А.Т.Ермекбаева Нью-Гасл (Нью-Гасл қ. Ұлыбритания) университетінде біліктілікті көтеру курсынан өтіп қайтты;
  • Биология магистрі Б.Н.Қалшораева 2013 жылы Испанияның Валенсия қаласында Валенсия университетінде өткен «Педагогикалық білікті көтеру» тақырыбымен  семинар-тренингке қатысып қайтты.

Халықаралық аспектілер аясында  кафедраның шетелдік ЖОО-мен бірлескен оқу бағдарламасын дайындау үшін Анкара қаласындағы Хаджетеппе түрік университетімен бірлесіп жұмыс жоспарын жасау көзделіп отыр.

Оқу процестерін кафедра Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық қыздар университетімен және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- түрік университетімен бірлесе отырып іске асыруда.

 Кафедра бірнеше оқу аудиториялары және зертханалармен жабдықталған.

  • №100 - Зоология зертханасы.
  • №102 - Лекция залы
  • №105 - Микробиология, биотехнология, Цитология және гистология зертханасы.
  • №106 - Адам анатомиясы мен жануарлар физиологиясы.
  • №108 - Ботаника, Өсімдіктер физиологиясы.
  • №213 - Лекция залы
  • №221 - Лекция залы
  •  

            Кафедрадағы оқытушылар мен қызметкерлермен жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсат, олардың кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерінің өсуі үшін жағдай жасау болып табылады. Оған барлық оқытушылардың санатын жоғарылату жүйесінің қалыптасуына, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына және Институтта қолайлы әлеуметтік ортаны жетілдіруге, оқытушылар мен қызметкерлердің қызметін  материалды тұрғыдан ынталандыратын жүйені жетілдіруге бағытталған  шаралар кешені септігін тигізеді.

Кафедраның кадрлық саясаты 5В011300-«Биология» мамандығы бойынша бакалаврларды шығаруды қамтамсыз етеді. Бітірушінің кәсіби қызмет саласына жатады:

- орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде биология пәнінің мұғалімі; ұлттық саябақтар, зообақтар, дендробақтар; табиғатты қорғау және экология ұйымдары;

- биология, өндірістік биотехнология салалары бойынша  ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Кафедраның кадрлық саясаты, бұл институт көрсеткіштерін жоғарылату мәселелерін шешу болып табылады. Жыл сайын кафедраның  даму жоспарларын  орындау қызметі бойынша есеп беріледі.

Кадрлық саясатты жүргізу барысында кафедра оқытушылары мен студенттердің арасындағы өзара байланысты қалыптастыруға ерекше мән береді, онда жиналған білім, ой, тәжірибелердің берілуі мен  дамуы тиімді іске асуда.

Кафедра құрамы мамандықтың бекітілген оқу жұмыс жоспарларының және ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау тәртібіне қойылатын талаптар негізінде есептелген нормативті оқу жүктемесімен анықталады.  

2012 жылы - Балабек О.С., Х.М.Сартаеваның жетекшілігімен «Уранөндіру өндірістерінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбына грантты  жобаны ұтып алды. Жұмысты орындау мерзімі 2012 жылдан 2014 жыл аралықтары.  Грантты жоба 12000000 теңге мөлшерінде қаржыландырылады, бұл жобаның орындалуына кафедраның профессор-оқытушы құрамы белсенді түрде қатысты: доценттер Н.М.Байсеитова, М.У.Сарсембаева, аға оқытушы Г.Т.Халикова, магистр - оқытушы А.Н.Адилбекова.

Балабеков О.С., Сартаева Х.М. «Аридтті экожүйенің техногенді реакциясы және экологиялық жағдайы» тақырыбына монография  шығарды (15.10.2014жылдың №2  Ғылыми кеңесінің хаттамасы).

Кафедра доценті Э.Б.Жаппарбергенова «Микробиология және вирусология негіздері» пәні бойынша зертхана жұмыстарын  орындау үшін  «I-lab видео» оқу құралын дайындады (28.01.2014жылы №4 хаттама көшірмесі).

2013-2014 оқу жылында «Биология»  кафедрасының  ПОҚ «Субъект түріндегі  ғылыми және ғылыми-техникалық  қызметтерді акредиттеу» ҚР БҒМ бөліміне құжаттарды тапсырды, ғылыми субъекттер ретінде  тіркелді және куәлік алды. Олар биология кафедрасының доценттері: Э.Б.Жаппарбергенова, М.У.Сарсембаева, А.Е.Айтбаева, Г.М.Сартбаева, Н.М.Байсеитова, Г.Б.Алпамысова, Г.Т.Халикова; магистрлар: А.Б.Алпамысова, А.Бердибекова, А.Н.Адилбекова, Б.Н.Калшораева  .

2013-2014 оқу жылында оқытушылар: доцент Э.Б.Жаппарбергенова, доцент М.У.Сарсенбаева, доцент м.а. Г.Т.Халикова, Г.И.Исаев  «Life Science Journal» журналында мақала жариялады (Impact Factor 2012-01625) (Thomson Reuters, USA).

2011 жылдан 2014 жыл аралығында кафедра оқытушыларымен 4 авторлық патент куәлігі, 2 монография рәсімделді, жарияланды: 53 оқу және оқу-тәжірибелік құрал, 13 оқулық, 172 ғылыми мақала мен тезистер, сонымен қатар  импакт-фактормен – 4 ғылыми мақала, ғылыми мақалалардың жалпы көлемі 553,5 б.б. құрайды.

 Университет басшылығымен ПОҚ кәсіби шеберлігін дамыту және жетілдіру мәселесі қарастырылуда. Мысалы, 2013-2014 оқу жылында «Биология» кафедрасының доценті Э.Б.Жаппарбергенова ТЕМПУС «Integrated Water Resources Management» бағдарламасының семинарына және халықаралық ұйыммен ұйымдастырылған ЭРАСМУС «Процесс балона» бағдарламасының семинарына қатысты (48 қосымша).

Жыл сайын кафедрада санатты жоғарылату графигі түзіледі (49 қосымша) және оны іске асыру нәтижелері талданады. Мысалы, 2012-2013 және 2013-2014 оқу жылдарында, бекітілген график бойынша «Өрлеу» ұлттық білім орталығында санатын жоғарылату курсын 6 оқытушы өтіп, сертификат алды .

 

 

а/ш.ғ.к. доцент м.а. Халикова Г.С «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісі