Ректор студенттермен кездесті

04.11.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова білім ордасының студент жастарымен кездесті. Жүздесу кезінде жастар басшыны студенттік ректорат жұмысымен таныстырды. Басқосуда сондай-ақ, "Лотос" қыздар клубы, "Болашақ" және "Аян" пікірсайыс клубының мүшелері, шетелдік студенттер, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері, даңқты спортшылар және студенттік сән театрындағы жастар өз ой-пікірлерін айтты. Студенттерді ыждағатпен тыңдаған ректор университеттегі атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар жайлы баяндады. Оқу ордасының басшысы студенттердің білім жолындағы ізденісіне сәттілік тілеп, жастарды университет қабырғасындағы істерге белсенді қатысуға шақырды.