6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі)

Кредит саны: ESTC: 240/ 4 жыл

Дәрежесі: Бакалавриат

Бағыты: Педагогикалық

Мамандық атауы мен коды: 6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі)

Пререквизиттер: Қазақ (орыс) тілі, шетел тілі (ағылшын, неміс)

Постреквизиттер: Халықаралық қатынастар теориясы, халықаралық қатынастарды жүйелік талдау, халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі проблемалары

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу тілі: орыс, қазақ, шетел тілі (ағылшын)

Оқу мерзімі: 4 жыл

Мамандығы: шет тілдер бакалавры

Мамандық ерекшелігі: «6В01703– Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі)» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметінің нысаны болып табылады: бастауыш, негізгі және бейінді мектеп, мамандандырылған мектеп, орта техникалық және кәсіби ұйымдар.

Еңбек нарығы: білім беру (педагогикалық): білім алушылардың шет тілдік біліктілігін қалыптастыруда халықаралық-стандартты деңгейлі талаптарды есептей келе, екі шетел тілінің оқытушысы ретінде; эксперименттік-зерттеу: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, шет тілді білім берудің озық тәжірибесімен танысу, оны жалпылау, оқу үдерісінде нәтижелерін енгізуді өткізу; ұйымдастырушылық-басқарушылық: әр түрлі деңгейде шет тілдік білім беру мазмұнын жоспарлау; оқу-білім беру процесін өткізу мен ұйымдастыру әдістерін анықтау; шет тілдік біліктілікті қалыптастырудағы сапа менеджменті мен мониторингі;

- әлеуметтік-педагогикалық: дүниетанымы мен ойлау қабілеті дамыған көпмәдениетті адам ретінде қалыптастыру; оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; оқу үдерісінде жаңа технологияларды пайдалана білу (сондай-ақ, шетел тіліне үйрететін мультимедиалық құралдар).