Қайырбекова Анар Мерекеқызы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры болып тағайындалды

25.10.19

18 қазан күні  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова университет ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығымен  Қайырбекова Анар Мерекеқызы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры қызметіне тағайындалды.

Анар Қайырбекова  1976 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

2001 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы, 2012 жылы Мәскеу қаласындағы   Ресей федерациясы Есеп палатасының жүйелік талдау ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы-экономист.

1997-1999 жылдары Көкшетау қаласындағы «КИД» ЖШС-де экономист болып  жұмыс істеді.

2000-2002 Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" РМҚК-да кадрлар бөлімінің инспекторы болды.

2002-2003  жылдары Қазақстан Республикасы «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы" РМҚК кадрлар бөлімінің инспекторы, экономист қызметтерін атқарды.

2003-2011 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы, бас маманы, консультант-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-бас мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік бақылаушы қызметтерін атқарды.

 2010 жылы Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының аға оқытушысы қызметін қосымша атқарды.

2011-2013 жылдары Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды.

2014-2015 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі ішкі бақылау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры қызметінде болды.

2016 жылдың маусым айынан қазіргі уақытқа дейін Білім және ғылым министрлігінде Әкімшілік жұмыс және Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарды.