Жетістіктер

Химия кафедрасының жетістіктері:

  • Кафедрадан 3 оқытушы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленді: х.ғ.к.,профессор м.а. Мәдібекова Ғ.М., тех.ғ.к., профессор м.а.Абишева Р.Ж., х.ғ.к., доцент Битемирова А.Е.
  • 6 оқытушы «Өрлеу» АҚ біліктілігін жоғарылатты
  • 2017ж. Х.ғ.к., доцент Ғ.М. Мәдібекова А. ал 2018ж. профессор А.М.Аширов  «Қазақстан республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», медальімен марапатталды;
  • 2019ж. кафедра прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензия алды.
  • 7 оқытушы «Оңтустік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» мерей тойлық төсбелгісімен марапатталды;
  • ҚРБҒМ жанындағы «BILIM ORKENIETY» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен 2018 жылдың «Үздік ұстазы» төсбелгісімен тех.ғ.к., доцент Р.А.Қозыкеева марапатталды.

2017 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен ІХ Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011200-Химия мамандығынан қатысып, 3-орын алды.

2018 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011200-Химия мамандығы қатысып «ХХI ғасыр химия пәні мұғалімі» атты постер сайысында командалық топтың студенттері II-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен ХІ Республикалық пәндік олимпиадаға 5В011200-Химия мамандығынан қатысып, 3-орын алды.