Тарихы

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ 

Химия кафедрасы 1986 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент  педагогикалық институтының  дене шынықтыру факультеті құрамында ашылған. Қазіргі таңда кафедрада заман талабына сай және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда. Студенттерге ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистр-оқытушылар дәріс береді, ғылыми әлеуеті – 70%.

Кафедрада студенттердің жоғары деңгейде білім алуы үшін 5 химиялық лаборатория қажетті қондырғылармен, 2 ғылыми-әдістемелік кабинет әдістемелік құралдармен, электронды оқу құралдарымен жабдықталған.

Студенттердің және жас ғалымдардың ғылыммен айналысуы үшін заманауи үлгідегі 2 ғылыми-зерттеу лабораториясы іске қосылған.

Кафедрада жүргізілетін екі бағыттағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарына  студенттер де атсалысады: а) Cуда ерігіш полимерлердің коллоидты-химиялық қасиеттері және оларды қолданудың ғылыми негіздемесін жасау. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мәдібекова Ғ.М., б) Химияны оқытудың инновациялық әдістемелері. Ғылыми жетекшісі:  х.ғ.к., доцент Шағраева Б.Б.

         Соңғы үш жылда 6 монография, 7 патент, 200 ғылыми еңбектер  және  40-қа жуық   оқу құралдары мен 16 электрондық оқу құралдары дайындалды. Импакт-факторы бар рейтингті журналға 6 мақала жарияланды.

Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері профессор А.М.Ашировтың басшылығымен 3 докторлық, 16 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалған. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері Узбекистан, Казахстан, Таджикистан, Россия, Украина, Турция және Германия және т.б. қалалардың өндірісіне ендірілген. «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына үлесі үшін» медальімен марапатталды. 2016 жылы қараша, желтоқсан айларында Кембридж және Лондон қалаларында бүкіләлемдік кітап көрмесінде екі оқулығына презентация жасалынған.

Кафедрада х.ғ.к., профессор м. а. Ғ.М.Мәдібекова «ЖОО үздік оқытушысы»,   А.Байтұрсынов атындағы медальімен; «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен; т.ғ.д., т.ғ.к., профессор м. а. Р.Ж.Абишова Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясы Қазақстанның салыстырмалы педагогикалық Кеңесінің мүшесі, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медальінің иегері, «ЖОО үздік оқытушысы».  

        Кафедрамызда сыртқы ұтқырлық бойынша Нова де Лисбоа Кампю да Капарика университетінен (Португалия) PhD докторлары С.Любчик, Е.Лыгина және Макс Планк институтынан (Германия) профессор Рейнхард Миллер келіп дәріс оқыды. Олар  «Ғылыми жобаларды дайындау, үйлестіру және іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық жобаларға қатысу тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми семинар, мастер класс, тренинг-семинарлар өткізді.

        Қазіргі таңда 14 үштілді топ және 3 ағылшын тобы білім алуда.

Химия кафедрасының ұжымы

Химия кафедрасының ғылыми-зерттеу лабораториясы

 

Кафедра мүшелері ғылыми жобаны профессор А.М.Ашировпен талқылау үстінде

Сыртқы ұтқырлық бойынша Макс Планк институтының (Германия) профессоры Рейнхард Миллермен бірге

 

Сыртқы ұтқырлық бойынша Нова де Лисбоа Кампю да Капарика университетінен  (Португалия)  келген визитинг профессорлармен бірге