Білімін шетелде жалғастырады

15.10.19

ОҚМПУ-нің 20 студенті Еуропада білім алуға аттанды. Университет олардың  бір оқу семестрін шетелдегі атақты жоғары оқу орындарында жалғастыруына мүмкіндік жасады. Осы лектегі 14 студент Венгрияның Кароя Эстерхази университетінде, қалған алтауы Польшаның Лодзь университетінде оқиды. Қазақстандық жастар  осы мүмкіндіктің арқасында өз мамандықтарын үйренумен бірге  шет тілдерін терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтеді. Сондай-ақ еуропалық құрбы-құрдастарына еліміздің жетістіктері мен мәдениетін, тарихын танытпақ. Жалпы ОҚМПУ-і соңғы екі жылдың өзінде 40-тан астам студенттің шетелдің жоғары оқу орындарында оқуына жағдай жаса