ҚР оңтүстік өңірлеріндегі Жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумы

10.10.19

Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен  10-11 қазан күндері Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында  ҚР оңтүстік өңірі Жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумын   өткізеді.

Форумның мақсаты - Жаңартылған білім беру мазмұны аясында Жалпы білім беру ұйымдары педагог кадрларының әдістемелік әлеуетін кеңейту, Қазақстан Республикасының әр аймақтарында жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы ендірудің тиімді механизімін құруда Жетекші мектептерге қолдау көрсету.

Форумға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент қаласы әкімдігі  өкілдері, Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарының білім басқармаларының өкілдері, Жетекші мектеп директорлары  мен педагогтері – барлығы 200 адамды қатыстыру жоспарланып отыр.

Бұл форум еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі мектеп көшбасшыларының кәсіби дағдылары мен біліктілігін тарату, педагогикалық қоғамдастықты дамыту мен өзара әрекеттестігі бойынша тәжірибе алмасудың белді алаңына айналмақ.