ОҚМПУ-нің аға оқытушысы Бекарыс Нұриманов - шетелдік ғылыми журналдың редакциялық алқа мүшесі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы .Нұриманов Түркиядағы "Millî Folklor" журналының редакция алқасының мүшесі әрі Қазақстандағы өкілі.

Millî Folklor журналы - Scopus және Clarivate Analytics (AHCI) базаларындағы дәрежесі жоғары ғылыми журналдың бірі..

Басылым бетінде салмақты ғылыми жұмыстар жарық көреді. Журналға жіберілген әрбір мақала мәтіні (авторы мен ол туралы барлық мәлімет алынып тасталып) 15-20 шақты ғалымның ортасында жан-жақты талқыланады. Сол сыннан өткендер ғана рецензенттерге жолданады. Проф.Др. Өжал Оғуз бас редакторлық жасайтын журналдың редакциялық алқа отырысы әр үш ай сайын өтеді.