ОҚМПУ-нің аға оқытушысы - шетелдік ғылыми журналдың редакциялық алқа мүшесі

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Бекарыс Нұриманов "Millî Folklor - Scopus және Clarivate Analytics" ғылыми журналы  редакциялық алқасы мүшелегіне қабылданды. Және ол алқа мәжілісіне Қазақстандағы ресми өкілі ретінде қатысты. Түркияда тіркелеген дәрежесі жоғары басылым бетінде салмақты ғылыми жұмыстар жарық көреді. Журналға жіберілген  әрбір мақала мәтіні (авторы мен ол туралы барлық мәлімет алынып тасталып) 15-20 шақты ғалымның ортасында жан-жақты талқыланады. Сол сыннан өткендер ғана рецензенттерге жолданады. Проф.Др. Өжал Оғуз бас редакторлық жасайтын журналдың  редакциялық алқа отырысы әр үш ай сайын өтеді.