1-курс шетел студенттерімен кездесу өтті

18.09.19

ОҚМПУ-де  ректорат, әкімшілік өкілдері және университеттегі шетелдік студенттерге дәріс беретін  оқытушыларымен кездесу өтті. Бүгінгі таңда  оқу ордасының дипломын алуға талаптанған шәкірттердің ішінде Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеті секілді таяу шет елдердің жастары басым. Жалпы биылғы оқу жылында университетке 800 жуық  шетелдік талапкер оқуға қабылданды. Басқосуда университет  ректорының міндетін атқарушы Баршагүл Қашқынқызы, ректорат өкілдері, жастар комитеті, оқу озаттары, шетел студенттерін бейімдеу орталығының басшысы, сондай-ақ Шымкент қалалық көші-қон полициясы өкілдері бірінші курс студенттерімен пікірлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.