Хабарландыру

17.09.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

 

“Физика” кафедрасы: аға оқытушы - 2 бірлік.

“Информатика” кафедрасы: аға оқытушы - 3 бірлік, профессор - 1 бірлік.

“Биология” кафедрасы: аға оқытушы - 2 бірлік, оқытушы – 1 бірлік.

“Химия” кафедрасы: аға оқытушы - 3 бірлік, оқытушы - 2 бірлік, профессор – 1 бірлік.

“География” кафедрасы:    оқытушы – 2 бірлік.

“Құқық және экономика негіздері” мамандығы: аға оқытушы – 1 бірлік.

“Орыс тілі мен әдебиеті” кафедрасы:           қауымдастырылған профессор (доцент) -1 бірлік, аға оқытушы - 1 бірлік, оқытушы - 2 бірлік.

“Ағылшын тілі” кафедрасы: аға оқытушы – 3 бірлік, оқытушы – 7 бірлік.

“Шетел тілдері” кафедрасы: кафедра меңгерушісі -1 бірлік, аға оқытушы - 2 бірлік, оқытушы – 2 бірлік.

Мектепке дейінгі және арнайы педагогикакафедрасы: аға оқытушы – 2 бірлік, оқытушы – 1 бірлік.

“Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы: аға оқытушы – 1 бірлік. “Педагогика” кафедрасы: аға оқытушы – 2 бірлік, оқытушы – 1 бірлік.

“Психология” кафедрасы: аға оқытушы – 2 бірлік, оқытушы – 1 бірлік.

“Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: аға оқытушы – 1 бірлік.

“Музыкалық білім” кафедрасы: аға оқытушы – 1 бірлік, оқытушы – 1 бірлік.

 “Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықкафедрасы: аға оқытушы – 2 бірлік.

 

           Кафедра меңгерушілері лауазымының бос орындарына біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында және одан жоғары басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Кафедра профессорының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, "қауымдастырылған профессор (доцент)" ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Кафедраның қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Кафедра аға оқытушысының біліктілігіне қойылатын талаптар:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

           Кафедра оқытушысының біліктілігіне қойылатын талаптар:  жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.

           Өтініш беру мерзімі: 13.09.2019 жылғы EGEMEN QAZAQSTAN газетіне хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

          Мекен-жайымыз: 160012, Шымкент қ., Байтұрсынов көш.,13, 120- бөлме. Тел.: 30-14-59 (кадр бөлімі).