ОҚМПУ арыстықтармен бірге!

28.06.19

Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты ОҚМПУ ұстаздары ұжымның бір күндік жалақысын бірауыздан зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шотқа аударуға шешім қабылдады. ОҚМПУ псиxолог-магистранттары мен арнайы мамандар қиын жағдайға тап болған Арыс қаласының тұрғындарына психологиялық көмек көрсетті. Университетте арнайы штаб құрылды. Еріктілер тобы, Факультет декандары, оқытушы-профессорлар құрамы зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындары орналасқан пункттерге барып, қолұшын созуда. Студенттер үйінде арнайы 150 орын дайындалуда. ОҚМПУ арыстықтармен бірге!