Тәрбие жұмыстары

Педагогика-гуманитарлық факультеті

Педагогика кафедрасы

 «Ерте жүктеліктің алдын-алу» тақырыбында қыздар тәрбиесіне арналған ерте жүктеліктің алдын-алуына арналған профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараға 1,2,3 курс студенттері қатысты.

Ұйымдастырушы: Нұрманова Ж.К.

  

Педагогика кафедрасының белсенді студенттері «2019 жыл - Жастар жылы» атты факультеттік мерекелік іс-шараға белсенді қатысты.

  

«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты.

Ұйымдастырушы: Баймахова А.Ш. Исалиева Б. Амирханов А.Б.

 

Студенттерді әлеуметтік жаңа ортаға бейімдеу.

Арт-терапиялық бағыт бойынша жаңа психотехникаларды қолдана отырып, қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдыққа бейімдеу және психологиялық ойын арқылы топ лидерін анықтау.

 

     

     

 

Педагогика-гуманитарлық факультеті.

Педагогика  кафедрасы

№1 жатақханада өткізілген «Болашаққа бір қадам» тақырыбындағы  психологиялық тренинг.

Ұйымдастырушы:  Айтжанова Г.Т. Баймахова А.Ш. Исалиева Б. Амирханов А.Б.

 

 

 

Институттың 80 жылдығына орай 2017 жылдың 13 қараша күні  Педагогика-гуманитарлық факультетінің 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын 1995 жылы бітірген түлегі,  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының басшысы Байтенова Қаламқас  Кидырбековна  «Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұны» тақырыбында семинар  өткізді. Семинарға факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен  студенттері қатысты. Семинар барысында жаңартылған білім бағдарламасының мазмұнына, ерекшелігіне және жаңартылған бағдарлама бойынша дайындалған қазақ тілі, математика т.б. оқулықтарға талдау жасалынды.

 

 

Институттың 80 жылдық мерейтойына орай 2017 жылдың  14 қараша күні  Педагогика-гуманитарлық факультетіне қарасты мамандықтар арасында   «Мамандығым мақтанышым» атты жарыс өткізілді. Жарысқа  5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300-Педагогика және психология, 5В010500-Дефектология, 5В011400-Тарих, 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В013000-Тарих-дінтану  мамандықтары бойынша 7  команда  қатысты. Жарыс  таныстыру, көрініс, ситуациялық сұрақ, өнер деп аталатын 4 кезең бойынша өтілді. Жарысқа п.ғ.д., профессор А.Ш.Досбенбетова, п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова, п.ғ.к., аға оқытушы С.А.Тұрмаханова әділқазылық жасады. Жарыстың барлық кезеңдері бойынша жоғары балл жинаған командалар марапатталды. Бас жүлдені 5В010500-Дефектология мамандығының «Д-Эффект» командасы, I орынды 5В010300-Педагогика және психология мамандығының «Дарын» командасы, II орынды 5В011400-Тарих мамандығының «Алаш» командасы, III орынды 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының «Жан шуағы» командалары иеленді.  Студенттер өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін көрсете отырып,  белсенділік танытты.