Орталық туралы

«Рухани жаңғыру» орталығы туралы

          «Рухани жаңғыру» орталығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жаңа үлгідегі маман даярлау, жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұлттың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру және дамыту мақсатында ЖОО қабырғасындағы өзге де құрылымдармен бірлесе жұмыс жасайтын бөлім ретінде ЖОО ректорының 2017 жылдың  4-қыркүйегіндегі № 4-74 бұйрығына сай құрылып жұмыс жасап келеді. Орталық жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында ЖОО басшылығы тарапынан үнемі қамқорлық жасалынып келеді. Қазіргі таңда орталықтың жұмысын мазмұнды сипатта жүргізуге 2 арнайы кабинет және алаңша жабдықталған.

2017-2018 оқу жылында орталыққа басшылық қызметін п.ғ.д., профессор Ілесхан Сманұлы Сманов атқарды. Аталған кезеңде өңірдегі ең алғашқы ашылған орталық орталық ретіндегі жұмысының ұйымдастырылуы мен қалыпты жүруіне ОҚМПУ әкімшілігімен қатар орталық басшысы п.ғ.д.,профессор І.Сманов тарапынан көп еңбектер жасалды.

Описание: http://okmpu.kz/sites/default/files/styles/medium/public/vypuskniki/3_0.jpg?itok=Q0AyVwSV

Сманов  Ілесхан  Сманұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм  ауданы, Отырар бөлімшесінде дүниеге келген.

1969-1973 жылдары Шымкент педагогика институтының физика факультетінде  «Сурет және сызу» мамандығы бойынша оқып, білім алды. 1985-1990 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.

Еңбек жолын 1968-1969 жылдары Гурьев облысындағы Мақат стансасында теміржол депосында жұмысшы болып бастады. 1973-1981 жылдары Т.Тәжібаев атындағы орта мектептің  мұғалімі, интернат меңгерушісі, 1981-1993 жылдары Шымкент педагогикалық институтында сызу және сызба геометриясы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

1990 жылы кандидаттық және 2000 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2001-2004 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2006 жылы қыркүйек айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Президентінің кеңесшісі болды.

2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД  14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

2008 жылы  ҚР БжҒМ Жоғары Аттестациялық Комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. 8 ғылым кандидатын, 1 ғылым докторын даярлады. І.Сманов 200-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін жариялаған. Оның ішінде,  3 монографиясы, 17 оқу құралы, 1 слайдфильмі  (Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы. Алматы қ.) бар. 

2006 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 2007 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

І.С.Сманов 2008 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

2018-2019 оқу жылынан бастап, бүгінгі ОҚМПУ-дің Тарих факультетінің 1994 жылғы түлегі, т.ғ.к., доцент м.а. Қайрат Сапарханұлы Анарбаев басшылық қызметін атқарып келеді.

Описание: C:\Users\admin\Desktop\Анарбаев К.С..jpg

Анарбаев Қайрат Сапарханұлы 1968 жылы ОҚО, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Атбұлақ орта мектебінде орта білім алған.  1989 жылы М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Тарих факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 1994-1995 жж. аталған жоғары оқу орнының «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы.

1994-2015 жж. аралығында әр жылдарда Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, жастар ұйымының жетекшісі, тәрбие жөніндегі және ғылыми жұмыстар бойынша проректорлығы мен «Қазақтану» этнопедагогикалық ғылыми зерттеу және білім беру орталығының директоры сияқты қызметтерін атқарған. 2015 жылдан ОҚМПУ-нің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті м.а. қызметінде.

2009 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Түркітану, ортағасырлық Қазақстан және Деректану салаларының маманы.

Үш мәрте ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылған гранттық жобалардың бірлесе орындаушысы. Бір монография мен бір оқу әдістемелік құрал және алпыстан аса  ғылыми мақалалар авторы. Ғылыми жетекшілігімен 5 магистрлік жұмыс қорғалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік бастамалар орталығында діни еңбектерді сараптау жөніндегі комиссия мүшесі. Түркістан облыстық және Шымкент қаласы әкімдігі үгіт-насихат тобының белді мүшесі. ҚР Қоғамдық Даму министрлігі, «НұрОтан» ХДП, облыс, қала, аудандар әкімдіктері және ЖОО грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.