Оқу әдістемелік жұмыстар

Педагогика және психология кафедрасы

2018/2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН  ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

ЖАРТЫ  ЖЫЛДЫҚ  ЕСЕБІ

 

Кафедраның білім мазмұнын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі (стандарттар, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары, оқу бағдарламалары, пәндер каталогы)

  • Педагогика кафедрасы 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша жоғары базалық білім бакалаврларын даярлайды.
  • 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығына арналған стандарт:  ҚР МЖМБС "Бакалавриат. Негізгі ережелер" 23.08.2012 ж., №1080.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 ж. 12 маусымдағы №270 бұйрығына 5-қосымша және ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 ж. 16 тамыздағы №343 бұйрығына 23-қосымша  негізінде жоғары білім беру мамандығы бойынша типтік оқу жоспарымен қамтамасыз етілген.
  • 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған және ҚР БҒМ 30.06.2016 ж №2 хаттамасымен бекітілген (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде дайындалған және ұсынылған).  Типтік оқу  бағдарламалар негізінде силлабустар жасалынған. 2018-2019 оқу жылының 1-ші жартысында 22 таңдау пәні, 7 міндетті пән жүргізілді.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер

 

Оқытушының аты-жөні

Біліктілігін жоғарылату орны

Біліктілігін

жоғарылату түрі

Ұзақтығы және көлемі

1

Оралбекова Ә.Қ.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

 «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдерінің пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру»

17.09.18-28.09.18.

72 сағат

2

Мамбетова А.Т.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

 «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдерінің пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру»

17.09.18-28.09.18.

72 сағат

3

Арзымбетова Ш.Ж.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана 

 

 «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдерінің пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру»

27.10.18-09.11.18.

72 сағат

 

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі

Оқытушының аты-жөні

Комиссия мүшелері

Күні, уақыты

Пән аты, оқу тобы

Сабақ түрі

 

1

магистр-оқытушы

Сүлеймен М.М.

АрзымбетоваШ.Ж.

Досбенбетова А.Ш.

Оралбекова Ә.Қ.

қазан

Өзін-өзі тануды және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау

123-85 тобы

Семинар

2

магистр-оқытушы

Атем М.Н.

Арзымбетова Ш.Ж.

Досбенбетова А.Ш.

Апашова А.Қ.

қазан

Педагогика

111-17 тобы

Семинар

3

магистр-аға оқытушы

Апашова А.Қ.

Арзымбетова Ш.Ж.

Досбенбетова А.Ш.

Әбішева Л.П.

қараша

Педагогикалық әдеп

123-15 тобы

Лекция

4

магистр-оқытушы

Сарман М.П.

Арзымбетова Ш.Ж.

Досбенбетова А.Ш.

Қуатова Ж.Ж.

қараша

Өзін-өзі тану

123-18 тобы

Семинар

 

2018-2019 оқу жылында өткізілген ашық сабақтар туралы мәлімет

Ашық сабақтың тақырыбы

Оқытушының аты-жөні

Қолданылған әдісі

Өткізген мерзімі

Ескерту

1

Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы

Қуатова Ж.Ж.

Проблемалық оқыту

08.10.2018

лекция 

2

Формирование этнопедагогической компетенции будущего учителя

Досбенбетова А.Ш.

Ұжымдық-шығармашылық істер технологиясы

16.11.2018

лекция 

3

Тұлғалық-бағдарлық оқыту. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Атем М.Н.

Интеграциялық сабақ түрінде

20.11.2018

 семинар

4

Педагогикалық өзара әрекеттестікте вербальды емес қарым-қатынас құралдарын пайдалану

Санатбай П.А.

Топтық әдіс

23.11.2018

 семинар

 

Педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Досбенбетова А.Ш. 16.11.2018 ж  102-87, 129-87, 130-87, 123-87 топтарында ашық видео-лекция сабағын өткізді.

 «Формирование этнопедагогической компетенции будущего учителя», «Патриотическое воспитание учащихся на примере презентации классного часа «Сакральные места Южного Казахстана»» тақырыптарында ашық сабақ өткізуде оқытудың жаңа технологияларын қолданды.

 

П.ғ.д. профессор Досбенбетова А.Ш. 21.11.2018 ж 119-87 тобында  «Теория и методика воспитательной работы» пәнінен «Особенности воспитательной работы в формировании ученического коллектива» тақырыбы бойынша ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық сабаққа Филология факультетінің студенттері, докторанттар, магистранттар қатысты және өз пікірлерін білдірді. Студенттермен тренинг өткізілді. Ашық сабақ ЖОО-дағы білім беру процесінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Досбенбетова А.Ш. педагогикалық процесті ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдана отырып, панорамалық сабақтың үлгісін көрсетті.

Кафедраның екі оқытушысы жас оқытушылар  арасында  «Педагогика-гуманитарлық факультеті» тарапынан ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ» сайысына  қатысты.

Магистр-оқытушы Атем М.Н. «Педагогика» пәнінен «Тұлғалық-бағдарлық оқыту. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы» тақырыбында 126-17 тобында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттердің тақырып бойынша білімдерін тексеру, шығармашылық ойлауын дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білу құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Ашық сабақ интеграциялық сабақ түрінде жүргізілді. Яғни, Педагогика пәнінен жаңа тақырыпты түсіндіру үшін химия, биология, физика пәндерінен де мағлұматтар келтірілді. Ашық сабақ оқу-әдістемелік кешенімен, кейстермен, тесттермен, сөзжұмбақтар және үлестірмелі материалдармен қамтамасыз етілген. Слайд, презентациялар арқылы дидактикалық тапсырмалар орындалды. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін пікірсайыс әдісін тиімді пайдалана білді. 

Магистр-оқытушы Санатбай П.А. «Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен «Педагогикалық өзара әрекеттестікте вербальды емес қарым-қатынас құралдарын пайдалану» тақырыбында 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, 123-16 оқу тобында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге - вербалды емес қарым- қатынас туралы теориялық білімдерін бекіту арқылы, педагогикалық өзара әрекеттестікте пайдалана алу мәселелерін меңгерту. Студенттердің слайдтың көмегімен берген жауаптарына практикалық талдау жасалып, сабақта ынтымақтастық қарым-қатынас орын алды. Сабақ барысында оқытушы «TEIK-HOME» әдісін, слайд, презентацияялар кеңінен қолданылды. Оқытушы алдын-ала тақырып бойынша бейне-сұрақтар дайындаған.

        

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші (баспадан шыққан оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, нұсқаулар, силлабус-оқу кешені, лабораториялық, практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары)

Дайындалатын, баспадан шығарылатын

оқу-әдістемелік құралдар

Орындаушы

Күтілетін нәтиже

1

Педагогика пәні бойынша оқу жетістіктерін сырттай бақылауға дайындық: теориялық мәліметтер, тест тапсырмалары

Арзымбетова Ш.Ж.

Әбішева Л.П.

Оқу-әдістемелік құрал

7 б.т.

2

Психологиялық коррекция және практикалық психология

Нурманова Ж.К.

Оқу құралы

 

3

Өзін-өзі тану: жалпы білім беретін мектептің (3-сынып) мұғалімдеріне арналған

Арзымбетова Ш.Ж. Оралбекова Ә.Қ.

 

Оқу-әдістемелік кешен

4

Педагогическая поддержка саморазвития и самопознания

Сүлеймен М.М.

Оқу-әдістемелік нұсқау

5

Инклюзивное образование

Сүлеймен М.М.

Оқу-әдістемелік нұсқау

6

Педагогическая этика

Сүлеймен М.М.

Оқу-әдістемелік нұсқау

7

Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері

Қаражігітова К.Н.

Оқу-әдістемелік нұсқау

8

Педагогика пәнінен магистранттарға арналған әдістемелік нұсқау

Қаражігітова К.Н.

Оқу-әдістемелік нұсқау

9

Жаңартылған бағдарлама бойынша Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі пәнінен  лекциялық  және практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқау

Алимова Қ.Ш.

Оқу-әдістемелік нұсқау

 

2018-2019  оқу жылында ОПҚ-ның баспадан шығарылған жұмыстарының саны

Кафедра

Оқулықтар саны

Оқу құралдары саны

Оқу-әдістемелік нұсқаулар  саны

Оқу бағдарламалары

Педагогика

-

1 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік кешен, 2 оқу-әдістемелік құрал

6 оқу әдістемелік нұсқау

29

 

 Академиялық ұтқырлық бойынша  ақпарат (шетелден, республика бойынша білікті мамандар шақыру, т.с.с.).

  • 5В012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалавр дайындаудың мақсаты -  білім берудің ұлттық үлгісіне, нәтижеге бағытталған, жаңа формация маманын, еуропалық полимәдениетті, коммуникативті, технократты, педагогикалық іс-әрекет аясындағы міндеттерді қазіргі ғылыми және практикалық деңгейде жоғары кәсіби және шығармашылық қабілеттілікпен шеше алатын маман дайындау. Сол мақсатта академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде профессор-оқытушылардың дәріс оқуға келуі қазіргі жоғары білім беру жүйесінің талаптарына сай келеді. Шетелдік және отандық озық ЖОО жетекші ғалымдарын лекция оқуға, шеберлік сыныптар өткізуге шақыру жыл сайын дәстүрге айналуда. Сондықтан да 2019 жылдың сәуір айында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен п.ғ.д., профессор Ш.Т.Таубаева 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттеріне дәріс оқытуға шақыртылып отыр.
  • Ал студенттерге келетін болсақ, Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 123-17 тобының студенті Адамбаева Ханиса қазіргі кезде (3 семестр)  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

 

Педагогика және психология кафедрасында 2017-2018 оқу жылының 19.04 - 20.04.2018ж аралығында сыртқы аудит өткізілді. Сыртқы аудит жұмыстарының аудиторы Г.Д Таласбаева жүргізді. Сыртқы аудит кезінде сәйкессіздіктер анықталмады және тексеру нәтижелері кемшіліксіз сәтті өтті.

     

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Кафедрада институт дайындайтын барлық 23 мамандықтың   ҚРМЖББС, типтік оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары,  оқу бағдарламалары бар, және мамандықтарда оқытылатын пәндер катологымен қамтамасыз етілген. Аталған нормативтік құжаттар кафедраның 17-07/17 пәннің оқу-әдістемелік кешені папкасында жинақтаулы. Мамандықтарды дайындауға арналған ҚР БЖҒМ бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен ҚР БЖҒМ бекіткен типтік бағдарламалар бар және соның негізінде жасалған силлабустар, жұмыс бағдарламалары талқыланып бекітілген (№1 хаттама, 28.08.2015ж.)

Кафедрада  2015–2016  оқу жылында білім тобындағы мамандық бойынша  3 элективті пәндер жүргізілді,  оқу  бағдарламасы және  жұмыс оқу бағдарламалары жасалынды. 3 жұмыс оқу бағдарламасы жасалынды кафедраның хаттамасына енгізілді. Типтік оқу бағдарламасы бойынша  6 міндетті пәндер  жүргізілді.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер.

Кафедра  ОПҚ-ның біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде  жүргізілуде. 2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында   кафедраның аға оқытушысы п.ғ.к., Әбішева Лаззат Пірназарқызы  20.03.15-03.10.15жж аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы курсынан өтіп арнайы сертификат алды. Сонымен қатар,  кафедраның магистр-оқытушысы Қожамқұлова Әйгерім Сәрсенбайқызы 24.10.15-06.11.15жж аралығында Испания мемлекетінің Валенсия политехникалық университетінің  арнайы курсынан  өтіп сертификат алып келді.

Жалпы педагогика және психология  кафедрасында 2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында 5 өзара сабаққа қатысу  жоспарланып, барлығы орындалды. Сабақтың қорытындылары мен пікірлері арнайы журналға түсірілген. Өткізілген сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері, лектордың сөйлеу мәдениеті, сабақта инновациялық әдістерін қолдану дәрежесіне баға берілді.  

Кафедра оқытушыларының  өзара сабаққа қатысу туралы мәлімет

Оқытушының

аты-жөнi

 

Мерзімі

Пән аты

Сабақ түрі

Сабаққа қатысқан оқытушылар

1

Досбенбетова А.Ш.

п.ғ.д., профессор

Қазан  2015ж

Этнопедагогика

Лекция

119-83

Қаражігітова К.Н. п.ғ.к., доцент

Нуралиева  А.Ж  п.ғ.к., доцент

2

Қаражігітова К.Н.

п.ғ.к., доцент

Қараша 2015ж

Педагогикалык шеберлік

Лекция

103-12, 103-22

Сыдыков М.С. п.ғ.к., аға оқытушы

Әбішева Л.П. п.ғ.к., аға оқытушы

3

Нуралиева  А.Ж.

п.ғ.к., доцент

Қараша 2015ж

Психология және адам дамуы

Лекция

102-15, 102-25

Әбішева Л.П. п.ғ.к., аға оқытушы

Махмутова К.И. п.ғ.к., аға оқытушы

4

Махмутова К.И.

п.ғ.к.,аға оқытушы

Қараша 2015ж

Өзін-өзі тану

Лекция

103-14, 113-14, 116-14

Қаражігітова К.Н. п.ғ.к., доцент

Нуралиева  А.Ж  п.ғ.к., доцент

5

Әбішева Л.П.                    п.ғ.к.,аға оқытушы

Желтоқсан 2015ж

Педагогика тарихы

Лекция

103-12, 103-22

Қаражігітова К.Н. п.ғ.к., доцент

Нуралиева  А.Ж  п.ғ.к., доцент

 

2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында өзара сабаққа қатысу кестесі, ашық сабақтардың жоспары кафедра мәжілісінде бекітілді. (Хаттама №1 27.08.2015ж).

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында 2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында 2 ашық сабақ жоспарланып, өткізілді.

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында 2015-2016  оқу жылында өткізілген ашық сабақтар туралы мәлімет

Ашық сабақтың тақырыбы

Оқытушының

аты-жөнi

Қолданылған әдісі

Өткізген мерзімі

Ескерту

1.

«Методика проведения КТД на примера классного часа «Абай шагает по планете»

Хаттама №4 20.11.15ж

Досбенбетова А.Ш.  п.ғ.д.,порфессор

 

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Қараша 17.11.2015ж

Сағ. 10:30, Ауд. 413 Б

118-83,122-83,    114-83,123-83

2.

Достық - асыл қазына  Хаттама №4 20.11.15ж

Умбеталиева А.М.

магистр-оқытушы

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

Қараша 25.11.2015ж

Сағ. 14:40, Ауд. 413Б

123-12

 

Кафедрадағы оқу-әдістемелік семинар жүргізу барысында  п.ғ.д., профессоры  Досбенбетова А.Ш.  «Учет  профиля специальности студентов в процессе преподавния этнопедагогики» тақырыбында  қараша айында оқу – әдістемелік семинарын өткізді.  Хаттама №4 20.11.15ж.

Кафедра оқытушыларының  семинар сабақ өткізу кестесі

Семинар тақырыбы

Орындау  мерзімі

Жауаптылар

Аяқталу нысаны

1

Учет профиля специальности студентов в процессе преподования этнопедагогики.

Қараша 2015ж

Досбенбетова А.Ш.- п.ғ.д.,профессор

Баяндама

 

Бұл сабақта ойға шабуыл, кейс технология, жұптасып немесе топтасып білім алу әдістерін пайдаланып өткізілгендігін айғақтайтын жазбалар арнайы журналға жазылды.

Кафедра   оқытушылары 2015 - 2016 оқу жылының І-ші жарты жылдығында 1 оқу құралы, 2 әдіснамалық нұсқау дайындап баспадан шығарды.     

Авторы

Оқу құралының аталуы

Аяқталу нысаны

Орындалу туралы мәлімет

Көлемі

Б.т.

Ескерту

1.

Досбенбетова А.Ш.

Умбеталиева А.М.

Абдуллаева Ж.Д

Гендерлік білім беру технологиясы

Оқу  құралы

№ 5 хаттама

14.12.2015ж.

112

8

Орындалды

2.

Әбішева Л.П.

Естаева А.О.

Педагогика тарихы пәнінен семинар сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семинар сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

№4 хаттама

20.11.2015ж.

50

2

Орындалды

3.

Әбішева Л.П.

Естаева А.О.

Педагогика пәнінен лекция сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семинар сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

№5 хаттама

14.12.2015ж.

120

2

Орындалды

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Педагогика және психология кафедрасының мәжілісінде

 

 № 1 ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ

26. 10. 2016 жыл

Тақырыбы: Тема: «Казахстан — наш общий дом»

Өткізген: ДосбенбетоваА.Ш.

Мәжіліс төрағасы – п.ғ.к. доцент.,  Арзымбетова Ш. Ж.

Мәжіліс хатшысы -  оқытушы Ортаева А.С.

Қатысқандар: Арзымбетова Ш., Әбішева Л.П., Естаева.А.О. Досанова.М.М., Үмбеталиева Ш.М.,  Оразымбетова Г., Сейдаева А.Н., Мамытбаева Ж.А.

Тема: «Казахстан — наш общий дом»

Цель: Способствовать формированию у учащихся гражданственности и патриотизма, воспитания чувства любви к своей Родине, уважения к ее истории и культуре, бережного отношения к природе родного края, гордости за достижения современного Казахстана.

Задачи: - сформировать между детьми дружеские взаимоотношения; 
- научить детей помогать друг другу, уважать и ценить 
отношения между людьми; 
- воспитать толерантность у учащихся.

Главная идея: Полиэтнизм — наше богатство и предмет нашей гордости!

Оформление: слайды, плакаты, праздничное украшение зала.

Ход классного часа

1. Приветствие.

1. Вступление: Учитель:

Мой край родной, Республика свободных

Великих наций, разных языков,

И ценят здесь обычаи народов.

Советы мудрых стариков.

Ты выстрадал, мой Казахстан, немало,

Но стал свободным, и сейчас

Здесь равноправны все народы.

Народ – единственная власть!

Ученик 1  Пулатова Бахринисо – На Казахском языке

Ученик 2 Давранова Мафтуна -  на Узбекском языке

Ученик 3 Кочиева Сафия – на Турецком языке

Ученик 4 Презенцева Ангелина – На Английском языке

Ученик 5  Темирова Мадина – На русском языке : Добрый день, дорогие друзья! Добро пожаловать на наш открытый урок, посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан!

Ученик 1: Кочиева Сафия:

В своем стихотворение «Дикое поле» О.Сулейменов написал:

«Мы прошли испытание
дымом костров и копытами,
в переулках ночных —
испытания горла ножом,
навсегда испытали вербованными чернозём,
радость радия и тяготенье земное испытано.
Вся земля в проводах, космодромах,
гектарах и станциях,
если дождь — это ливень,
а ветер — так суховей,
своих все испытавших,
страна, назови казахстанцами,
своих самых испытанных,
преданных сыновей…»

Учитель:

Давайте же вспомним как проходило формирование народа нашего  государства!

Вспомним о длительных процессах миграции на протяжении десятилетий, сформировавших многонациональный состав нашей страны.

На сегодняшний момент в Казахстане насчитывается более 130 национальностей, которые проживают в мире и согласии, однако мало кто знает, что наше население не всегда было настолько разнообразным.

Ученик 2: Бекмуратова Асем:  Внес свою лепту в демографическую историю Казахстана, затянувшийся голод, который по разным оценкам унес жизни порядка двух миллионов человек, при этом половина коренного населения либо погибла от голода, либо откочевала в другие районы. Процессы же насильственной миграции других национальностей на территорию Казахстана начались еще до начала Великой Отечественной Войны.

Ученик 3: Спабек Жазира:  Масштабы принудительного переселения трудно представить даже сейчас: всего в СССР депортации подверглись около 3,5 миллионов человек, из которых более 1,2 миллиона человек были депортированы в Казахстан. Наиболее многочисленными переселенцами стали этнические немцы, корейцы, поляки, жители Северного Кавказа, татары, болгары и многие другие. Тяжело представить условия, в которых приходилось жить депортированным: нехватка пищи и одежды, отсутствие медицинского обслуживания и лекарств.

Учитель: О том что пережили их семьи во время Великой Отечественной Войны нам

расскажут:

Ученик 1: Кочиева Сафия

Ученик 2: Пулатова Бахринисо

Ученик 3: Темирова Мадина

Учитель: Свою лепту в формирование многонационального населения Казахстана внесли и послевоенные годы: в годы освоения целины на казахскую землю прибыло свыше полумиллиона человек, большую часть которых составили квалифицированные строители, механизаторы и медработники.

Однозначно можно сказать, что каждая народность внесла свою лепту в историю формирования казахстанского народа. Казахстанский народ вместе пережил революцию, Великую Отечественную Войну, поднимал целину и развивал индустрию.

Процессы механической миграции населения наблюдаются и сегодня: кто-то предпочитает вернуться на историческую Родину, покинув Казахстан, а кто-то, наоборот, стремится всеми силами попасть сюда.

Учитель: Каждый народ богат своим фольклором, особенно своими пословицами — поговорками. Наши дети подготовили несколько пословиц о Родине на русском, казахском и английском языках! (принимает участие весь класс)

3. Ассамблея народа Казахстана

Учитель: Дорогие гости и ученики, все мы знаем, что одним из важных событий в истории Казахстана является создание Ассамблеи Народа Казахстана.

Сегодня представители всех этнических групп трудятся на благо Казахстана. 1 марта 1995 года по указу президента Нурсултана Назарбаева была создана Ассамблея Народов Казахстана, переименованная в 2007 году в Ассамблею Народа Казахстана, с уклоном на то, что народ Казахстана представляет собой единую силу, независимо от этнической принадлежности.

Сегодня важно помнить, что Ассамблея содействует сохранению в стране межнационального и межконфессионального согласия, а также учитывает многообразие национальных интересов всех этнических групп.

4. Диаспоры

Учитель: Уважаемые гости и ученики, нас пришли поприветствовать и угостить  представители различных этно-культурных центров:

 Ученик 1 : Турецкий этно-культурный центр(рассказ, песня, угощения)

Ученик 2: Узбекский этно-культурный центр(рассказ, танец, угощения)

Ученик 3:   Славянский этно-культурный центр(рассказ, частушки, угощения)

Ученик 4:  Корейский этно-культурный центр (рассказ, песня, угощения)

Ученик 5: Казахский этно-культурный центр ( рассказ, стих, угощения)

5. Финал.

Хоровое пение

Песня: Кайрат Нуртас – Алга Казахстан.

  

  

  

  

 

Тіл мерекесі

«Қазақ тілі – ұлт байлығы»

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: студенттерді өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен студенттер!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа     

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

(Елена Әбдіхалықова.................................................)

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! - десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

(студенттер...................................................................)

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің

«Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

Анамның тілі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.

Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның; тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.