Практика

Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. ЖОО білім алушыларының практикаден өтуі оқу үрдерісінің ең маңызды бөлігі. Жоғары білімді мамандарды даярлауда практикадан өту таңдаған білім беру бағдарламаларын (ББ) меңгеру, теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын оқудың әр кезеңінде қолдана білуі мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім алушылардың жоспарлы және мақсатты іс-әрекеті болып табылады.

Кәсіптік практиканың мақсаты: студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін практикалық әрекеттермен шыңдау.  

Кәсіптік практиканың міндеттері:

Жоғары білім беруде білім стандартының білікті талаптарына сай тәжірибелік және коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Білім беруде ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстардан тәжірибе жинақтау.

- жаңа талаптарына жауап беретін маман тұлғасының кәсіби  бейінділігін қалыптастыру;

- студенттердің тікелей практикалық іс-әрекеттермен қарым-қатынасы, кәсіби іс-әрекеттерін жүргізу үшін қажетті олардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі шығармашылық, зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, өзіндік еңбегінің  нәтижелеріне талдау жасай білу дағдыларын игеру.

Практика базалары.

Практика базалары білім беру бағдарламаларындағы практикалардың барлық түрлеріне сәйкес таңдалады.

Практика базалары келесідей негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

- практика түріне, ББ сәйкес болуы;

- мемлекеттік стандарттың шегінде кәсіби бағдарламамен қарастырылған іс-әрекеттің қажетті шеңберінде болу;

- студенттерді практикалық басқару мен ұйымдастыру үшін жеткілікті білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Кәсіптік практиканың негізгі түрлері: оқу, тілдік, педагогикалық, өндірістік және диплом алды практикалар.

Оқу практикасы - студенттердің таңдау ББ бойынша өзіндік іс-әрекеттермен танысу мақсатында жүргізіледі. Практика университеттің оқу-қосымша бөлімшелерінің базасында, сондай-ақ  ББ  бағыты бойынша ұйымдарда ұйымдастырылады.

Шеңберімен байланысын нығайтады, аналитикалық  және  абстрактылық ойды дамытады.

Педагогикалық практика (өндірістік–педагогикалық) - жалпы ғылыми білімнің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша тереңдетілуі мен бекітілуіне, сондай-ақ, педагогикалық шеберліктерді, дағдыларды және құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған

Дипломалды практика - студенттің нақты ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) қызметінің материалдарында қорытындыларды, ұсыныстарды және т.б. осындай  өзіндік тұжырыммен қойылған мәселеге (бітіру жұмысының тақырыбы) жұмыс жасалуын қарастырады. Студент практика үрдісінде өзінің білімі мен шеберліктерін, ұйымдастыру қабілеттіліктерін, шешім қабылдау іскерліктерін, тәртіптілік, жауапкершілік, құлшынысын   көрсетуі тиіс.

Кәсіптік практиканың бағдарламасы:

Практиканің әр түрінің мазмұны, мақсаты мен міндеті практика түрлері мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен қоса алғанда, бітіруші кафедралармен жасалған бағдарламалармен анықталады. Практика бағдарламасының мақсаты – студенттердің тікелей практика өту орындарында кәсіби-практикалық үрдісімен басқару болып табылады. Практика бағдарламалары келесідей бөлімдерді құрауы тиіс:

- түсініктеме хат (мәні, практиканың мақсаты мен міндеті, белгілі нысанға келтірілген құзіреттіліктер, күтілетін нәтижелер);

-практиканың нысандары (оның түріне байланысты), мүмкін болатын жұмыс орындарының тізімі;

-жұмыстың тақырыбы мен көлемі бойынша бөлінген мазмұны;
-практикантқа қойылатын талаптар;

-студент-практиканттың құқығы мен міндеттері;

-орындауға ұсынылған жалпы және жеке тапсырмалар (СҒЗЖ мен СӨЗЖ бойынша зерттеу тақырыптары);

-практика күнделігін жүргізудің  тәртібі;

-практика бойынша есепті жазу тәртібі мен оның негізгі бөлімінің мазмұны;

-есептегі қосымшалардың мазмұны;

-практиканің қорытындысын жүргізудің тәртібі;

-студент-практикантқа кәсіпорыннан берілетін мінездеменің рәсімделу тәртібі мен болжамды мазмұны.

-практика нәтижесі мен есепті қорғауды бағалау критерийлері;

- ұсынылған әдебиеттер.

Кәсіптік практика базасының құрылымы:

Кәсіптік практика студенттердің білім беру бағдарламаларына сәйкес бейінді, меншік (ұйымдарда, мекемелерде) барлық түрлерінде ұйымдастырылуы мүмкін. Кәсіптік практиканың базасы бітіруші кафедрамен анықталады. Кафедра білім алушылардың практикадан өтуі үшін білім беру бағдарламаларының өзгешеліктеріне сәйкес жыл сайын жаңа орындарға таңдау жасап отырады және кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарт жасап бекітеді.

Практикадан студенттерді кәсіпорындарға (ұйымдарға, мекемелерге) бөліп орналастыру серіктестік туралы келісімдер немесе студент-практикантты  қабылдау туралы келісім-шарт бекіткен жағдайда жүргізіледі.Кафедра меңгерушілері келісім-шарттарды бекіткен соң, практика базасының тізімін жасайды. Бекітілген келісім-шарттар негізінде (екі-, үшжақтылы) оның растамасымен практиканың өткізілу орны мен мерзімі, түрі, жетекшісін, білім алушылардың нақты контингентін көрсетумен кафедра практиканы өткізу кестесін жасайды.