Жетістіктер

 

Магистр оқытушы Сүлеймен Мадина Маратқызы

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының МҮШЕСІ болып сайланды (17.11.2018ж.).

к.п.н., доцент Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы

Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Магистр оқытушы Атем Маржан Нұрланқызы Педагогика-гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген факультет ішілік «Үздік ашық сабақ» атты сайыста ІІІ-орын алды.

Магистр оқытушы Санатбай Перизат Айбекқызы

Педагогика-гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген факультет ішілік «Үздік ашық сабақ» атты сайыста І-орын алды.

Кафедра меңгерушісі Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Білім және Ғылым министрі Е. Сағадиевтен құрмет грамотасымен марапатталды.

Аға оқытушы, PhD Оралбекова Алия Курбановна

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Білім және Ғылым министрі Е. Сағадиевтен құрмет грамотасымен марапатталды.

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ІІІ-ОРЫН!!!

2017-2018 оқу жылында ОҚМПУ профессор-оқытушыларының ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын бағалау рейтингісінде кафедралар арасында жалпы ұпайы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп,

ІІІ-орынға ие болғаны үшін марапатталды.

Кафедраның аға оқытушысы Нұрманова Жеңіскүл Көлбайқызы білім беру саласында жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, шығармашылық ізденімпаздылық танытқаны үшін «Педагогикалық шеберлік» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдың мадақтама грамотасымен  марапатталды.

 

Кафедраның аға оқытушысы Нұрманова Жеңіскүл Көлбайқызы білім саласында психологиялық қызметті дамытуда қосқан үлесі үшін Қазақ Психологиялық қоғамының грамотасымен  марапатталды.

Кафедраның аға оқытушысы Нұрманова Жеңіскүл Көлбайқызы ҚР білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйелерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға, ынтымақтастық байланыс пен педагогтардың кәсіби шыңдалуы мен шығармашылық жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасымен  марапатталды.

п.ғ.к., доцент Қаражігітова Клара Нұрмұхамбетовна «Копилка педагогического мастерства» атты педагогтарға арналған кәсіби интернет-жобаның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Білім және ғылым саласында талантты және дарынды жастардың еңбектерін бағалау мақсатында «Жас дарын» төс белгісімен  123-15 оқу тобының, 4-курс студенті Мыңбосынова Динара марапатталды. Жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Нұрманова Ж.К.

 

 

 

                   

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

2017 жылдың наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры

п.ғ.д., профессор О.Аяшевтың бастауымен «Педагогика және психология» кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент

АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Ы.Алтынсарин атындағы «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»ТӨС БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

 

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

06.10.2017 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры

п.ғ.д., профессор О.Аяшевтың бастауымен «ҰСТАЗДАР КҮНІ» мерекесімен

«Педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.к., доцент м.а

         БАХРАМОВА ГУЛЬМИРА АБДУРАСУЛОВНА

АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

29.12.2017 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қаулысымен бекітілген,

ректор п.ғ.д., профессор О.Аяшевтың бастауымен «Педагогика және психология» кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент

АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

УНИВЕРСИТЕТТІҢ  «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ -2017»       АТАҒЫНА ИЕ БОЛУЫМЕН  марапатталды 

 

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

10.01.2018 ж. ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген

«Педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.к., доцент м.а 

БАХРАМОВА ГУЛЬМИРА АБДУРАСУЛОВНА

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ - 2017» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ 

 

   

 

   

  

  

Досбенбетова А.Ш, Мамытбаева Ж.А Сертификат

 

 

   

                      

 

  

 

 

 

           

 

  

     

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің жоғары орындарындағы академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы негізінде білім беру бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықтың әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына жауап беретіндей негізгі бағыттары анықталды. Әлеуметтік әріптестік байланыстар арқылы кадрларды даярлау үшін шетелдік және Қазақстандық жоғары оқу орындарымен келісім шарттар жасалынды. Оның мақсаты жоғарғы білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сайкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуро аймаққа кіруін қамтамасыз ету болып табылады. ОҚМПУ-да бұл байланыс бойынша студент алмасу қарастырылған. Мұнда білім беру мазмұның сәйкес келуі көзделді. Осыған орай «Психология жене педагогика» мамандығы бойынша жоғары білімнің әрбір деңгейінің білім бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің көлемі мен денгейін, біліктілігі мен құзреттілігін сипаттайтын Дублин дискрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасқан құзіреттілікке, сонымен бірге ECTS кредитті бірліктерінің санына негізделген.

Педагогика және психология мамандығының 103-26а оқу тобының, 2 курс студенті Рахматулла Гулайым және 103-16 оқу тобының, 2 курс студенті Дінмұхаммед Дамира оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарының көрсеткіштері жоғары, осы талаптардың бәріне толық жауап бере алатындықтан, сондай-ақ Педагогика мен психология мамандығы бойынша лайықты нәтижелерге қол жеткізетіндігіне сенім білдіре отырып, Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017-2018 оқу жылының 2 жарты жылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуға ұсынылды.

    

Ішкі ұтқырлық бойынша 2017-2018 оқу жылының семестріне біздің ОҚМПУ ға Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінен Мұратбек Нұрсәле «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығына 2 курс студенті келді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтынан «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығына Алпыс Ақмарал, Балтабаева Зулфузар  3 курс студентері келді

  

  Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университет Карой Эстерхази атындағы қолданбалы ғылымдар университетімен (Венгрия) бірлесе ERASMUS+ (Эрасмус+) бағдарламасына қатысу мақсатында Педагогика және психология кафедрасынанан оқытушы доценттің м.а. Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы және студенттер құрамынан «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығынын 1 курс студенті Адамбаева Ханиса және «Педагогика және психология» мамандығынын 1 курс студенті Кумусбекова Гулмира 2018-2019 оқу жылының 1 семестріне оқуға ұсынылып жатыр.

Ішкі академиялық ұтқырлық жоспарына сәйкес 2018 жылдың сәуір айының 05-18 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д. Токсанбаева Нургуль Коргаджановна 5В10300-Педагогика және психология мамандығының 2 курсына «Social psychology» пәні бойынша лекция сабақтарын өткізді. Студенттер белсенеді қатысты. Көптеген пікір алмасып жатты