Университет өз түлегіне құрмет көрсетті

03.04.19

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетіндегі № 312-аудиторияға  ақын, сазгер Әкім Ысқақтың есімі берілді.  Елге танымал қоғам қайраткері  осы университеттің 1982 жылғы түлегі.  Мұндай ұсыныс  оқу ордасы  басшылығы тарапынан жасалды. Осыған орай өткізілген салтанатты жиында қоғам қайраткерінің  еңбек жолы мен атқарған істері жайлы естеліктер айтылды. Өнерпаздар сазгердің  әндерін орындап,   өлеңдерін жатқа оқыды. Кездесуде ақын  студенттерге кітаптарын  тарту етті.     Әкім Ысқақ ел Парламенті Мәжілісінің  бірінші шақырылымдағы депутаты. Сондай-ақ алғаш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы Заңының» авторы . Кездесуді физика – математика және филология факультеттері бірігіп ұйымдастырды.