Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі –коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін елімізде 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы университіміздің тілдік емес мамандықтарының  барлығында міндетті шетел тілі пәні мен бірқатар таңдау пәндерінен практикалақ сабақтар  жүргізеді. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, оқу бағдарламасы мен сабақ  кестесіне сай жүргізілуде.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырған.

Оқу процесін ұйымдастыру үшін түрлі электрондық платформалар және басқа да электрондық  көздер ( видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс,   MOODLE, ZOOM, электрондық пошта) пайдаланылуда. Студенттерге тапсырмалар мен тапсырмаларды орындауға қажетті нұсқаулар беру, студенттердің жұмысын тексеру, бағалау процестері  «Универ» бағдарламасы арқылы  жүзеге асырылуда.

Сондай –ақ студенттер кафедра оқытушыларының дайындаған видео- сабақтарын You Tube –те арнайы ашылған шетел тілдері кафедрасының парақшасынан көре алады. Ол видео-сабақтардың сілтемесі «Универ» бағдарламасында көрсетіліп отырады.

(https://www.youtube.com/channel/UCE3mMcOpWJuWn6lRLLnBNBQ?view_as=subscriber)

 

Шетел тілдері кафедрасында 16 профессор-оқытушы жұмыс атқаруда, оның ішінде екі қосалқы және бір факультет деканының орынбасары. Кафедрада   ғылым кандидаты - 1,  аға оқытушы - 6, магистр-оқытушы – 9. Кафедра бойынша ОПҚ  ғылыми дәрежелілігі 6 % құрайды, дәрежесіз оқытушылар – 94 % құрайды.

Шетел тілдері кафедрасында импакт факторлы басылымдарда – 1, РИНЦ – 1,  алыс және жақын шетел конференцияларында – 4, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында – 19, ҚР ғылыми-тәжірибелік конференцияларында –32  мақала жарияланған. Жалпы көлемі 198 бет,  12,375 б.т.

Шетел тілдері кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. Киясова К.К. 2019 жылы Қазақстан Республикасы БжҒМ, Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен Республикалық байқауында жеңімпаз болып «Үздік ғылым кандидаты -2019» төсбелгісімен және 1-орын Дипломымен марапатталды.  27 маусым 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы. Республикалық байқау материалдары жарияланған жинаққа өмірбаянымен таныстырылды.

2019 жылдың қазан айында мұғалімдер күніне орай Қазақстан Республикасы БжҒМ, Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019»  атты республикалық байқауларына шетел тілдері кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. Киясова К.К. қатысты. Нәтижеде екі байқауда да топ жарып, «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019» төсбелгілері және 1-орын Дипломдарымен марапатталды.  

     

 

Шетел тілдері кафедрасында «English club» үйірмесі жұмыс істеп тұр. Бұл клубқа магистр-оқытушы Әділханұлы жетекшілік жасайды. Университетіміздің барлық мамандықтарының студенттеріне ағылшын тілінен тілдік деңгейлерін жоғарылатуына көмегін тигізуде.

2019 жылының  20-21 ақпан аралығында   кафедрасының ұйымдастыруымен факультетаралық 1, 2, 3 курс студенттер арасында дәстүрлі олимпиада өтті. Кафедра ОПҚ-сының ұсынуымен олимпиадада 150  студент қатысты. Іріктеу кезеңінде қатысатын студенттер анықталды. Қатысушылар тізімі тіркелген. Іс шара бас ғимараттағы 306 ші дәрісханада өтті.  Олимпиада 3 кезеңнен тұрды.

Кафедрамыздың оқытушылар құрамы өз студенттерін Қазақстан Республикасы, сондай-ақ басқа елдерде өткізіліп жатқан онлайн олимпиадаларға да қатыстыруда.  

 

№ р/с

Олимпиада атауы (күні)

Пәндер

Студенттің

аты-жөні (тобы)

Жетекшінің аты-жөні

Ескертулер

(дипломдар, мақтау қағаздары және т.б.)

1.

«Ағылшын тілі»  «Қазақстан ұстаздары қоғамының ұйымдастыруымен өткен» 2019 12- ақпан

Ағылшын тілі

Ермаханбет Зарина

Тайтелиева М.А.

І-дәрежелі диплом

2

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Қуанышқызы Аяулым

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

3

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Бутаева Керемет

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

4

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Сандыбай Аида

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

5

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Есболатова Толғанай

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

6

«Ағылшын тілі»  «Тарым» Білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткен» 2019 26- ақпан

Ағылшын тілі

Әліқұл Арайлым

Ахметова М.Р.

І-дәрежелі диплом

7

«Горячие собаки на черном льду..Идиомы в английском языке».

Бүкілресейлік білім беру «Конкурсита» порталының олимпиадасы

Английский язык

Ахмедова Мафтуна Хусанхановна

Мұсабекова А.А.

1-орын жеңімпазы

 

Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары жетекшілігімен университетімімздің студенттері «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығының байқауларына қатысып, І, ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды.