Узахова Айнакүл Сламқызы

Узахова Айнакүл Сламқызы Тегі, аты, жөні: 1961 жылдың 16 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мақтарал ауданында дүниеге келді. Ұлты - қазақ, білімі жоғары 1980 - 1982 жылдары Шымкент қаласындағы №5 кәсіптік мектепте «Тігінші-моторист» мамандығын үздік дипломмен бітірді. 1986-1991 жылдары Шымкент педагогикалық институтының инженер - педагог факультетінде білім алып, «Еңбек және жалпытехникалық пәндер» мамандығын үздік дипломмен тәмамдадым. Осы жылдан бастап «Еңбек» кафедрасында жас маман ретінде қабылданып, оқытушы қызметін атқарды. 1998 - 2002 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ - нің «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының аспиранты атанды. 2010ж 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша, «Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғады, осы жылы педагогика ғылымдарының кандитаты атанды. Қазіргі таңға дейін 64 ғылыми еңбектерім бар. Оның ішінде 32 ғылыми мақалалар (ҚР БжҒМ саласын бойынша бақылау Комитеті - 4, РИНЦ - 4, Web of Scfence – 2, шет ел конференция-2), мамандық бойынша типтік бағдарлама-6, оқу құралы-3, электонды оқу құралы - 2, виртуальды жұмыс-10, кейс-1, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік қорғау куәлігі-1, рөлдік ойын -1. Қазіргі таңда ОҚМПУ «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасында оқытушы қызметін атқаруда.